Проблемалық оқыту
Проблемалық оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттері мен ол мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып,шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды. Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық жағдаят пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.
Әдістерді айтар болсақ,қай сабақта болсын тест әдісін өте жиі қолданған да тиімді.Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды женуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.
1-кезең. Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау). 2-кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау). 3-кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру). Проблемалық оқытудағы деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын , өзінің жақсы оқитындығына қарамастан «оқушылық міндетті», яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады. Қорыта келе, бұл технологиялардың, әдістер мен тәсілдердің оқушының оқу үрдісінде ең маңызды, тиімді жолдардың бірі деп нық сеніммен айтуға болады.
Қорытсақ,проблемалық оқыту-әдебиет сабағында ғана емес,өзге сабақтарда да аса маңызға ие.Оқушының ойлауын,логикасын дамытуда бірден-бір орын алар әдіс.
Имашева Дильназ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 3-курс студенті.