«Бір жәдігердің құпиясы»

Қазақ халқы ерте заманнан бері өмірдің көшпелісін таңдаған халық екені рас. Тарих қабырғаларына көз жүгіртіп, мың толғанып қарасақ я болмаса салт-дәстүрдің қыр-сырына мән берсек дәстүріміз бен өжеттілігіміз басқа көршілес елдерге қарағанда ерекшеленіп, көздің жауын алып тұрады. Келі- қазақ дастарханының шырайын келтіретін ақталған тары, қуырылған бидай, жент: тағамдарды әзірлеуге арналған тұрмыстық бұйым.  Біздің эрамыздан бұрын пайда болған бұл бұйымның тарихы сонау Неолит заманынынан негізін қалаған деген деректер кездеседі. Осы шаққа дейін Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстанда табылған «келі мен келсап»- экспонаты осы деректің айқын дәлелі. Жыл сайын күн мен түн теңелген шақта тойланатын мерекеміз- Наурыздың тарихы келі мен келсап бұйымымен тікелей байланысты. Көшпелілік халқымызды жылқының жүйрігін өсіруді, жердің құнарлысын таңдап егін егуді үйретті ,- мұнымен көшпеліліктен тәлім-тәрбие алу өз мәресіне жете қойған жоқ еді. Халқымыз алуан түрлі астық дақылын да егіп өсірген. Ең танымал дәнді- дақылдардың бірі бәрімізге таныс- бидай, арпа. Сонымен қатар ата- бабамыз әсіресе, тары дақылын ерекше әспеттеп пайдаланған.

Бір ғасырлық тарихы бар келі мен келсап атадан- балаға қалып отырған әулетіміздің бұйымы, мұрасы. Келімен келсаптың жалпы ұзындығы жетпіс бес сантиметрды, диаметрі он бес сантиметрді  құрайды. Туысқан шебер, ұста атам Нұрмолданов Нұрбай деген кісінің қолынан шыққан бұл бұйымды өз қолынан Зебике есімді туысқан апамның қолына тарту еткен. Уақыт өте демекші Зебике әжем келімен келсапты мұра ретінде нағашы әжем Несіпбала мен Бидайбек атамның қолына табыс, тарту еткен. Бүгінгі күні нағашы апам- Өрім аталып кеткен бұйымды ұстап, мұраны пайдасына жаратуда.  Талай дәм датып, әңгіме- дүкен құрылатын дастарханнын сәні болып тұратын жентті апам әрдайым дайындайды. Нақ осы шақтағы уақытты шамалай келсем атадан-балаға аталмыш жәдігер үш рет берілген екен.

Сонау тас дәуірі кезеңінен-ақ тарының денсаулыққа пайдасын байқаған ата-бабамыз келі мен келсаптын пайда болуына себепкер жандар болып табылады. Қазақ- жоңғар арасында болған Орбұлақ шайқасы уақытында Шаш қаласынан көмекке шыққан Жолбарыс батырдың жасауылдары жол бойы шөлін тарыдан жасалған сусынмен басқан екен. Қазақ елінің сол соғыста жеңіске жетуіне әбден бір септігін тигізген тарының құдіреті мен қастерлілігі мол.

Көксу ауданы, Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп- гимназиясының 10 «Ә» сынып оқушысы Қуатқызы Зере.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *