PISA оқу сауаттылығын зерттеу
Қазіргі қоғамда жаңа технологиялар ақпаратты оқу және беру сипатын өзгертті, бізге өзгермелі контекстке тез бейімделетін және әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып жұмыс істей алатын және үйренетін тұлғалар қажет.
Оқу сауаттылығы туралы түсінік өзгеруде, неліктен?
Білім берудің мақсаттары өзгеруде,ол мақсаттар: білім жүйесін меңгеруден әр түрлі мәселелерді шешу үшін білімді пайдалана білу, қажетті ақпаратты табу, жаңа білім мен технологияларды құру үшін ақпаратты түрлендіру қабілетін қалыптастыру.
- Талдау, бағалау, жалпылау кезіндегі қиындықтар.
- Құбылыстар мен оқиғаларға әртүрлі көзқарастарды білдіру, олардың мағынасының өзіндік нұсқасын көрсету кезіндегі қиындықтар.
- Тапсырмада (мәтінде) тікелей қамтылмаған ақпаратты айта алмау, мысалы, болжам жасау кезіндегі қиындықтар.
- Мәтін мен мәтіннен тыс білім арасындағы байланыс, яғни шынайы өмірмен байланыстыру кезіндегі қиындықтар.
Оқу сауаттылығы – адамның алдына қойған мақсатына жету, білімі мен мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық өмірге қатысу үшін мәтінді түсіну және пайдалану, олар туралы ой елегінен өткізу және оқумен айналысу қабілеті. Ұғымның мәні мына белгілерден тұрады:
Түсіну
Оқыған ақпаратты түсіну қабілеті
Рефлексия
Рефлексия мәтіннің мазмұны немесе құрылымы туралы ойлауды қамтиды.
Қолдану
мәтіннен алынған ақпаратты белгілі бір өмірлік тапсырманы шешуде қолдану.
PISA зерттеулері аясындағы оқу сауаттылығының ерекшеліктері :
Жағдаяттар (жеке, оқу, әлеуметтік, іскерлік)
Мәтін (форматы: тұтас, жадағай, аралас, құрамдас мәтіндер; түрі: сипаттау, баяндау, дәлелдеу, түсіндіру, нұсқау, пікір айту).
Оқу дағдылары (іштей оқу, дауыстап оқу, көз жүгіртіп оқу, түсініп оқу т.б.)
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718