География пәнін өтуде жаңа оқыту технологияларының маңызы
География пәнін өтуде жаңа оқыту технологияларының маңызы
Рашид Ырыскүл
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Жетекші:
Исах Жұлдыз Ержігітқызы
Қоғамның қазіргі даму деңгейі білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты оқыту процесін технологияландыру болып отыр.Білім беруде әр түрлі технологиялар жасалынып,білім ордаларында практика жүзінде қолданылып келеді.АКТ-ны (ақпараттық коммуникациялық технологиялар) қолдану білім берушінің рухани,адамгершілік,кәсіптік және тағы басқа адами қасиеттердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Ең алғашында білім берудегі жаңа құрылғылар ұғымы АҚШ-та 1940-шы жылдары пайда бола бастаған.Басында ол жаңа техникалық құрал жабдықтарды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мағынасында қолданылып жүрген-ді.Қазір жаһандану заманында, дүние жүзінде оқытудың жаңа әрі тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіріп келеді.Солардың біріне тоқталсақ!Ол үздіксіз географиялық білім беру болып табылады.Алдыға қойған негізі мақсаттарына тоқталсақ:адамдар өмірінің әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау;адамдардың өз бетінше білім жинақтап,практика жүзінде оны қолданып,тез өзгергіш мына өмірге бейімделуіне жағдай туғызу;білім алушылардың жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру және оны өмірде қолдана білуге үйрету.
Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамиды және өзгерістер орын алып тұрады.Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып,үнемі жетіліп,уақыт өткен сацын күрделене береді.Қай кезде болмасын жалпы білімнің атқаратын функциясы – жас буынның танымдық әрекетін байыту және дамуын қамтамасыз ету болып табылады.Заманның өзгерісіне қарай оқу орындарында қойылатын талап та,оқыту мен тәрбиелеу әдіс-тәсілдеріде өзгере береді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында былай деп айтылады:«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау;оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру;халықаралық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту мақсаты айқындалып тұр.
ХХ ғасыр жаңа технологиялардың пайда болуы мен олардың қарыштап дамуына жол ашты және адамзатты ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелгені шындық.
Қазіргі жағдайымызды технологиясыз,ақпараттық желілерсіз арқылы елестету мүмкін емес.
Жаңа ХХІ ғасырға қадам басқа Қазақстан үшін білім беру саласында жаңа ізденіс пен тың көзқарасты қажет етеді.Соның ішінде жаратылыстану саласының география пәнінің алар орны ерекше.Бұл пән оқушыларға дүниетанымдық сабақ берумен қоса,алған білімдеріне сай еске сақтау,ойлау қабілетін,тіл байлықтарын жетілдіреді,ой өрісі кеңиді. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын болады.
Қазіргі ақпарат дәуіріндегі интернет жүйесі оқушылардың таным көкжиегін тіпті кеңейтіп, ізденгіштігін күшейте түсті.
Оқушының ақпараттық қоғамда өмір сүруіне және ақпарат ағымында дұрыс бағдарланып тиімді шешімін табуда информатика пәнінің маңызы зор. Осы пәнмен басқа да пәндер байланысатын болса, білім қорытындысы жаңа нәтижеге жетеді. Соның бірі география пәні.
Онда оқушының білімін әртүрлі тапсырмаларды компьютерде орындату арқылы бақылап, бағалау өте тиімді.Оған менің 11 сыныптармен өткізген «География әлеміне саяхат» атты мультимедиялық сабағым мысал бола алады.Осы күнде пайдаланып жатқан жаңа әдістер оқу процесінде жаңа технологиялар мен компьютерлерді талап етіп отыр.
Жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшеліктері;
- Сабақ жүргізудегі көрнекілікті қамтамасыз етеді.
- Оқу ақпараттарын жеңіл түрде жеткізеді.
- Бақылауға қиын не мүлдем келмейтін құбылыстар, нысандар, процестерді жан – жақты көрсетеді.
- Техникалық құралдарды кешенді түрде пайдалана отырып, еш қиындықсыз бір түрінен екіншісіне ауыса алу мүмкіндігі туады.
- Оқушыларды техникалық құралдармен таныстыруға болады. Интерактивті және аудиовизуалды құралдарды географияда:1) табиғат пен қоғам дамуындағы заңдылықтарды көрсететін иллюстрацияларды талап ететін материалды бекітуде; 2) компьютермен өз бетімен жұмыс барысында қолдануға болады.
Соңғы кезде сабақтарды ойын түрінде өткізу көп қолданылады.Бұл география пәнінде ойын арқылы оқыту қалыпты нәрсе,бірақ барлық сабақтарда қолданылмайды. Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерін тез әрі жеңіл қабылдауға көмектеседі.
Қазіргі сабақтардың ерекшелігі бірлесе жұмыс істеу формасы,, оқушылармен арадағы өзгеріс, оларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру. Сондықтан да мұғалім сабақ барысында күшін оқушылардың танымдық әрекетін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсайды. Егер де сабақты шығармашылық бағытта өткізсе, сабақ біркелкі, күнделікті, жалықтыратындай болмайды.Оқушыларға сапалы білім беру, пәнге қызықтыру практика жүзінде белгілі бір жүйе бойынша атқарылады.
Қорыта айта кетсем , мұғалімнің алдындағы басты міндеттері– оқушының таным-білімін белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Ол үшін мұғалім шеберлігін құрайтын біліктіліктің критерийлерін іске асыру шарт.
Қолданылған әдебиеттер:
- Ж.Ж.Қожамқұлова. «Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар» Алматы, 2013 ж.
- А.Қ.Әлімов. Оқудағы интербелсенді әдіс тәсілдер. Астана «Назарбаев зияткерлік мектебі» 2014 жыл.
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. «Қазіргі білім беру технологиялары». Алматы, 2006 ж.