“Сен маған досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтамын”

Адамның адам болуы​ата-ананың тәрбиесінен​ бастау алып,айналасындағы достарымен есептеледі.Ал достық дегеніміз ұлы сезім.Дос болу деген күні түні сөйлесіп бір-бірінің қасында жүру емес. Дос болу қазіргі сәттің қызығы үшін бірге ойнап күлу емес.Дос болу бір-бірінің абыройын аяққа таптап біз ойын көтереміз деп мәз болу емес.Қазіргі замандағы достың қадірі ұмытылып бара жатыр деп айтудан аулақпын ,бірақ ұмытып бара жатқан адамдар жетерлік…​ Білесіз бе? Достық,дос бола білу ​ деген қандай жағдай болмасын бір-бірін түсіне білу.Өз досының бар болмысымен қабылдап қана қоймай түзу жолға түсу үшін екі ​ жақтың да бірге әрекет етуі. Өзгелердің көзінше жамандығын жасырып,жақсылығын асыру. Қандай да бір қателігі болса күліп табалап,бетіне айтып мазақ ету емес,жеке алып сырласып бар қателігін мағыналы сөзбен түсіндіре білу. Қазақта “дос жылатып,дұшпан күлдіртіп айтады” деп текке айтылмаған.Мақсатқа жету жолында,даму жолында, тұлға болып қалыптасу жолында ​ себеп бола білген адамды ғана НАҒЫЗ ДОС деп айтар едім. Бұл тұста көпке белгілі мынадай мысал келтіре аламын: екі ғұлама мен дос болсаң үшінші ғұлама сен боласың. Екі баймен дос болсаң үшінші бай сен​ ​ боласың…​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Сол секілді адам дос таңдауда ешқашан қателеспеу керек.Әрине ешкім жаман адам болайын,достарым жаман болсын демейді.Бірақ өзінің өсу жолында жанындағы амал адамдардың кері әсерінен қалай өзін жоғалтып алғанын байқамайда қалады.Егер мен өз көргенімнен жасөспірімдерге кеңес бере алатын болсам: Мақсаты жоқ, тәкаппар, екіжүзді адамдардан алшақ болу керектігін айтар едім. Мен оқыған кітаптарда:​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа. ​ ​ ​ Деген сыни мақалдарды көп кездестіремін. Біреудің атағы үшін, сол сәттегі қызық пен нәпсінің құмарлығы үшін амал дос болу тек өмірдегі қателік қана емес,дініміздегі ​ ауыр күнә. Бүйте салайық, ішейік,шегейік, көрейік, қызық істейік, жаспызғой бұйырғаны болады деп жүріп өзіңді танымай қалатын дәрежеге жету өзіңмен достарыңның соры деп түсінемін. “Сен маған досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтамын” деген кезде ұялмай достарыңмен мақтана алу үшін адалдық пен адамгершілікті мықтап ұстап,дәл сондай адаммен дос болып,кім көрінгенді досым деп жақын тартудан аулақ бол.Менің айтарым осы, сөз соңын:

 

Адал дос барлық жерде керек екен,​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​  ​ ​Өмірде достың орны бөлек екен.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ ​Жақсы дос жадыратса, жан дүниеңді,​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жаман достан жамандық келеді екен. ​ ​ Деген өлең жолдарымен аяқтаймын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *