ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ — ҚОҒАМ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Абдулхамитова Шахназ Асанқызы
Сапарғалиқызы Әсел
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты»
Аннотация. Мақалада инклюзивті білім беру ұғымы қарастырылады жалпы білім беретін мекемелерде оқыту нысаны ретінде. соңғы онжылдықта Қазақстанда оң үдерістер қалыптасты ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруде белсенді енгізу және тарату процессі орын алады. Мемлекеттік даму бағдарламасында Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беру анықталған 2020 жылға қарай инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, негізгі міндеттер инклюзивті жүйені жетілдіру болып табылады.
Түйінді сөздер: инклюзивті білім, мүмкіндігі шектеулі психолог, логопед, дефектолог, құзыреттілік, психикалық даму, интеграция.
Қазіргі уақытта ерекше балалармен жұмыс істеу инклюзивті білім беру деп аталады. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаға мүмкіндік береді және өз құқықтарын іске асыруға көмектеседі. Инклюзивті білім беру жүйесі барлық балаларды біріктіру, олардың мүмкіндіктерін тиімді дамыту. Инклюзивті білім беру бұл – ерекше білімді қажет ететін балаларды және қиын балаларды ортаға бейімдеу.Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға толық қатысуға мүмкіндік береді,балабақша, мектепке дейінгі және мектеп өмірі мектеп жасында. Инклюзивті білім беру шектеулі балаларды ынталандырады олардың өмірге деген көзқарасын жақсартуға көмектеседі. Қазіргі жас ұрпақ – біздің болашағымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. А.Назарбаев: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Қамқорлық қажет ететін мұндай адамдар бізде көп. Бұл біздің өзімізге және қоғамға қарызымыз.Білім беру мекемесі балалардың қажеттіліктеріне бейімделуіне, олардың “кедергісіз”, болуын қамтамасыз етуі керек. Қазіргі уақытта қызықтыратын мәселе ол бүкіл әлем жұртшылығының назары инклюзивті білім беруді қажет ететін балаларды білім беру жүйесіне толық қосу, отбасы процессі олардың жеке сұраныстарына сәйкес және ерекшеліктерінде. Инклюзивті сөзін латын тілінен аударғанда “мен өзімді қосамын” дегенді білдіреді, ал ағылшын тілінен аударғанда – “араластыру”. Инклюзивті білім-бұл қабілетті балаларды сапалы білім алуын және жынысына қарамастан өз әлеуетін дамытуды,жасы, географиялық тұрғылықты жері,және психикалық күйін,әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамай оқыту. Инклюзивті білім немесе “Барлығына білім беру” – бағдарламасы барлық балаларға және өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді. Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ. Бүгінгі таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі –жарымы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты: Инклюзивті білім беру әлемдік тәжірибеде әрбір адамның құқықтар, еркіндіктер және арождан теңдігінің ізгілікті құндылықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі берілген барлық, осындай балаларды оқытатындарға да, олармен бірге оқитындарға да, оларды отбасында тәрбиелеп отырғандарға да арналған игілік ретінде қабылданады және жүзеге асырылады. Халықаралық құжаттардың тізілімі мен атаулары білім алуға тең құқықтар идеясын жақтаушылардың барлық адамдарға, балалар мен ересектерді қоса, арналған мәдени игілік және әлеуметтік құқық ретінде күш-жігерін көруге мүмкіндік береді, ол білім беруге деген әлеуметтік мәдени тәсіл аясындағы білім беру инклюзиясының ғаламдық мән мәтініне куә болады.Ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың білім беру саласындағы қағидаттары, саясат және практикалық іс-әрекеттер жөніндегі Саламан декларациясы (Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту туралы Бүкіл әлемдік конференциясы, Саламанка, Испания, 1994 ж.); — Жүзеге асырудың Дакар Рамкасы. Жаппай білім беру: ортақ міндеттемелердің орындалуы (Дакар, Сенегал, 2000 ж); — Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция (БҰҰ, 2006 ж.). Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әр түрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан – ақ қиыншылықтарға тап болады.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.
Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай (жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Балалардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да өзгереді деп нық сеніммен айта аламыз. Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Библиографиялық тізім
- Мемлекеттік даму бағдарламасы 2011 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы білім – 2020 жылдар. – Егемен Қазақстан, 2010., -18 Б.
- Н. Ә. Назарбаевтың Бағдарламасы “Қазақстан Стратегиясы-2050: қалыптастыру мемлекеттің жаңа саяси бағыты”., 2012, -14 б.
- ҚР “Білім туралы” Заңы 27 шілде 2007 ж. №319-III
- “Әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзету қолдауы ҚР-да мүмкіндігі шектеулі балалар” 2002 жылғы 11 шілде № 343 Заң
- “Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39.