Covid-19

Мақала цифрлық медиа мен әлеуметтік медианы бақылау арқылы инфодемияның проблемаларын анықтауға арналған. Бұл зерттеу COVID-19 пандемиясы кезінде цифрлық дезинформация мысалында қоғамның жоғары сапалы ақпаратқа сұранысын анықтауға және ақпараттық және медиа сауаттылықты дамытуға бағытталған коммуникациялық стратегияны әзірлейді.
Зерттеудің міндеттері – Қазақстандағы медиа коммуникация және журналистика саласында инфодемияның алдын алу үшін ақпараттық ресурстарды құру; COVID-19 пандемиясы кезінде қоғамның жоғары сапалы ақпаратқа сұраныстарын зерттеу, талдау және бағалау; цифрлық медианы талдау негізінде инфодемиялық проблеманы анықтау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы Қазақстандағы БАҚ және журналистика саласындағы инфодемияның алдын алу үшін ақпараттық ресурстарды құрудың өзекті аспектілерінде жатыр. Инфодемияның ақпараттық алдын алу саласындағы зерттеулер, негізгі теориялық мәселелер мен гипотезалар, зерттеу стратегиясы мен тәсілдері жан-жақты қарастырылған.
Мақаламен жұмыс істеу барысында әлеуметтік зерттеулердің қолданбалы әдістері қолданылды. Осы әдістер негізінде сандық және сапалық зерттеулер, атап айтқанда, сұрақ қою, отандық, батыс және ресейлік зерттеушілердің еңбектеріне сараптамалық талдау, жіктеулер жасалды.
Мақалада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің IRN AP09562324 «Әлеуметтік медиада білім беру саласында инфодемияның алдын алу үшін ақпараттық ресурстарды дамыту» тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелері берілген.
Қолдану саласы: БАҚ және коммуникациялар, денсаулық сақтау, әлеуметтану және т.б.
Зерттеудің құндылығы – Қазақстанның медиа кеңістігіндегі инфодемияның алдын алу және ұлттық журналистика мен коммуникациялардың, соның ішінде дағдарысты жағдайлардың сапасын арттыру үшін ақпараттық-әдістемелік ресурстар әзірленген.
Тәжірибелік маңыздылығы Қазақстанда сауатты журналистер мен коммуникация мамандарын даярлаудың жаңа тәсілдерінің дамуымен айқындалады.
Түйінді сөздер: инфодемия, пандемия, медиа коммуникация, журналистика, алдын алу, COVID-19, медиа сауаттылық.
Ибрай Жасмин

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *