Аналарды аялайық
Құбығұлқызы Ақсындар
Аналарды аялайық
Ана – үш әріп,терең мағына.Бізге өмір сыйлап қана қоймай,өмірдегі білу керек нәрселеріміздің бірін қалдырмай үйреткен жан.Ардақты да аяулы ана үшін жыр-дастан жазсаң да аздық ететіні сөзсіз.Әрбір адам ананың қадірін білуі парыз.
Ананың әлдиімен өскен біз,сол бір асыл адамның біз үшін түн ұйқысын төрт бөліп,барын аямай,жоқты да бар еткенін естен шығармағанымыз жөн.Баланы құрсағында 9 ай, 9 күн көтеріп,оны өмірге әкеліп,оған қоса дұрыс тәрбие беру де осы қадірлі жан ананың ғана қолынан келетін іс.Бұл тек ана қызметінің аз бөлігі ғана.
Ананың ерекшелегі өзін ойламаса да,отбасының қамы үшін қолынан келгенінің бәрін істеуінде.Ана жүрегі әрқашанда өз баласымен бірге,біз қандай қиындыққа тап болсақ та,қуансақ та ең бірінші сезетін жан ол – Ана!Аялы алақанының өзі бізді керемет сезімге бөлейді,құдды бір бұл әлемде бақытты жан тек сендей.
Өмірдің ащы-тұщысына да,қиындығы мен сынағына да бір өзі төтеп бере алатындай күші бізді таңғалдырады.Қанша жерден әйел заты,жаны нәзік дегенімізбен,күш-жігері біраз ердің күшіндей.Мұны мойындамасақ болмайды.
Осы бір тұста мен өзімнің анам жайлы жазғым келіп отыр.Менің анам – әрине мен үшін әлемдегі теңдесі жоқ кісі.Оның “қызым “деп істеген әрбір жақсылығы жадымда,ұмытылмайды.Қысқаша айтқанда,анам өте сұлу,сабырлы және иманды жан.Сөйлегенде жүзі нұрлы,түсінігі мол,әрқашан көмекке дайын.Бүгінгі күні анамның жанында емеспін.Жалғыз ғана анамның үмітін ақтау үшін Атырау қаласына оқуға түстім.Меннен үлкен үміт күтіп отырған анам үшін мен оқуымды барынша жақсы дәрежеде бітіріп,”Міне,бұл менің қызым!” деп айтуына барымды саламын.
Аналар бізді басқалардан кем қылмай,барын беріп,біз үшін бәріне де дайын жүреді.Біз мұны уақытында бағалауымыз керек.Себебі уақыт бізді ешқашан күткен емес.Біз әдетте бақытты сырттан іздейміз,алайда бақыт ол біздің жанымызда екенін ұмытып та кеттік. Яғни анамыздың қасында болудың өзі біз үшін үлкен мүмкіндік.Қазіргі қоғамда аналарын қарттар үйіне еш аяусыз тастап кетететіндер саны көбеюде.Қалай ғана өзіне өмір сыйлаған жанды қараусыз ең қажетсіз жерге тастай алады?!
Анаға қанша өлең шумақтарын арнасаң да аз бірақ мен барлық аналарға мына шумақтарды айтқым келеді:
Жылуымен жетпес жерді жамаған,
Сізге тіпті жете алмайды жан адам!
Қасиетті махаббаттың иесі
Өзің едің берекеден құралған.
Жарқыраған жұмақ сізсіз балаған,
Күлкі күтем келбетіңнен ғана шын
Әр күніңе шуақ берсін жаңадан,
Ауырмастан жүрші алдымда Анашым!
дей келе,мен адамдарға барша аналар қауымын сыйлауға,уақытында қадірін біліп аялауға,өз аналарыңызға “мен сізді жақсы көремін” деп жиі айтып тұруға шақырамын!