Сыр сандық
Сыр сандық
Әрбір адамның жүрегіне жақын тартқан бірнеше демесек бір адамның болуы шарт.Ол адам – “Дос” деп аталады.Дос сөзінің мағынасы өте тереңді бойлап жатыр,түбіне жету мүмкін емес.Алайда осындай керемет атауға сай адамдардың аз болуы мұңайтады.Дегенмен сәйкесінше дос деуге тұрарлықтай жандарда жоқ емес.Осы тұста мен алыстағы досыма хат жазғым келіп отыр.
Сәлем,балалық шағымның бір бөлшегі болған досым! Әсемай! Сенің алыста болғаның мені қатты қынжылтады бірақ мен сен үшін қуаныштымын.Себебі сен өзің қалаған елде,өзің қалаған мамандықты оқып жатырсың,бұл сенің жетістігің!
Білесің бе,екеуіміздің басымыздан небір-небір қызықты жағдайлар өткенін?Қуаныш пен қайғыны ортақтасқан күндеріміз де есіңде шығар иә?!Менің жанымды түсінетін,жүрегіме үңіле алатын,қиыншылықта тастап кетпейтін сол бір қасиетіңмен мені баурап алғаныңды ұмытпаймын.Сендей дос бұл өмірде кемде-кем.
Екеуіміз бірге бір қалаға,бір мамандық иесі болуды мақсат еткенбіз,алайда бұйырғанынан асып кете алмадық.Солай емес пе?!Достың орыны бөлек,ал сен сол орынды ойып тұрып аласың!Менің сырласым да жалғыз досым да өзің болдың,әлі де бола аласың ба білмеймін,бірақ мен екеуіміздің тағы да шынайы дос бола алатынымызға сенемін.Қазір біз айтарлықтай хабар алысып жүргеніміз жоқ,себебін өзіңде жақсы білесің.Және бұл хатты сол үшін де жазып отырмын.
Естен кетпейтін естеліктер біздің достығымызды әрі қарай шыңдайтынына сенімім мол.Қазір ғана екеуіміздің басымыздан өткен мына бір оқиға есіме түсіп отыр.Есіңде ме,саудаға қатты қызыққанымыз соншалық,балмұздақ сатқанымызды?Мен балмұздақтың қытырлақ нанын істесем,сен керекті қоспаларын дайындайтынсың.Ойымыздағыдай шықпаса өзіміз жеп қоятынбыз.Осы сынды естеліктер есімде әлі сыр сандыққа сақталғандай тұр.
Амал дос пен адал достың аражігін ажыратып бергенде өзіңсің.Нағыз достың шынайы келбетісің десем артық айтпаспын.Сенімен өткізген достық күндеріміз жадымда жаңғырып тұр,сенде де дәл солай деп үміттінемін.Саған айтатын көп нәрсем бар еді…м…бірақ ойыма келмей тұрғаны…Сенде бәрі жақсы болуын тілеймін,ең бастысы деніңнің саулығын сақта!Алға қойған арман-мақсаттарыңа қол жеткіз!Ал екеуіміздің достығымыз әрі қарай жалғасын таппақ…Сәлеммен,құрбың Ақсындар!