Қарапайымдылық
Қарапайымдылық
Қарапайымдылық адам бойындағы ең асыл қасиет. Өкініштісі адамдардың көпшілігі бұл қасиетті бойларына сіңдірмей керісінше жоғалтуда.Негізінен қарапайымдылық кез келген адам бойына Алладан берілген қасиет,бірақ осы асыл қасиеттің орынын тәкәппарлық,өзімшілдік және менмендікпен ауыстырып алған-ды.
Адам қарапайымдылығымен қадірлі бола алады,алайда бүгінгі күні қарапайым болу құдды бір төмен дәрежемен есептелетіндей.Яғни қарапайымдылық ішкі мінезге де,сырт бейнеге де қатысы бар болғандықтан,көп жағдайда өзіңді қарапайым киіммен көрсете қалсаң,сені трендтен қалған,өзінің стилі жоқ адам ретінде санайды.Міне керісінше солай ойлау тәкәппарлықтың сипаты.
Орыс жазушысы Лев Толстой:«Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты.» дейді.Бұл оймен толықтай келесуге болады,өйткені қарапайым адамның ішкі дүниесі де қарапайым әрі жүзі мен сөйлеген сөзі де жылы болатынын көріп жатамыз.Қазіргі қоғамда адам жанын түсінетін,қиындыққа тап бола қалса,материалдық болмаса да моральдық тұрғыдан көмектесетін адамдар саны аз.Бұл шындыққа жанасатын факт.
Жалпы қарапайым болу адамның ішкі мәдениетін көрсетеді.Орнымен сыпайы болу,кішіпейілділік таныту мұның бәрі қарарайымдылықтың белгісі.Кейде бұл әлемді сұлулық емес қарапайымдылық құтқарар болса,адамдар қарапайым болуға жандарын берер еді деп ойлаймын.Алайда бұл қасиеті бар жандар көбіне әділетсіздікке ұшырап жатқанымен,өз мүмкіндіктерін тиімді пайдана алады,екінші адамның ойымен санаса да алады,ортамен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысады.Тағы бір қарапайым адамның сипаты – адамның көңіліне қарап сөйлеу.Өз ойын айтарда ол адамның ренжіп қалмауын қадағалап,барынша қарапайым тілмен немесе іспен көрсетеді.Онымен қоса,қарапайым адам өмірдің кез келген жағдайына сыни көзбен қарамай,керісінше барлығына дайын болып,алға жүруді тоқтатпайды.Міне қарапайым болу қайда жатыр!
Қазақ халқымыз айтқандай,«қарапайымдылық пен тәрбие ешқашан сәннен кеткен емес» яғни қарапайымдылық ол біздің алған тәрбиемізбен тікелей байланысты деген сөз.Адам қаншалықты қарапайым бола білсе,соншалықты айналасына да сыйлы көрінеді.Ал өзімшіл,тәкәппар жандар бұл құрметті көре алмасы анық.Сондықтан өзіме де,өзгеге де кеңесім,қарапайым кейіпімізді барынша сақтайық онсызда жер бетінде тәкәппарлар саны аз емес.Алып өскен тәрбиемізге нұқсан келтірмей,әр ортаға сыйлы болуды көздейік.Қарапайымдылық – жасыл алқап болса,адамгершілік – сол жерде өскен гүл секілді.