Тіл – елдіктің туы!

Өмірсерік Назым.

Біздің  тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.

«Тіл  ақылдың  өлшемі»  деп  халқымыз  бекер  айтпаған.  Елбасымыз  Н. Ә  Назарбаев  «Қазақстанның  болашағы – қазақ  тілінде»  деген  сөзінде  түсінген  адамға  көп  мағына  жатыр.  Тілдің  көмегімен  өнер – білімді,  ғылымды  игереміз,  өткен – кеткенімізді  саралап,  сабақ  аламыз.  Біз  өз  тілімізді  құрметтей  отырып,  дініміз  бен  салт  дәстүрімізге,  тарихымызға  көптеп  үңілетін  болсақ  және    оны   өзіміз  танып  қана  қоймай,  сол  асыл  қазынамызды  әлемге  танытсақ  келешек  ұрпақ  үшін  көп  жұмыс  атқарған  болып  саналамыз.     Өйткені  өз  тілін,  дінін,  тарихын  жақсы  білмеген  адам  басқа  тілдің  қадірін  білу  мүмкін  емес. Қазақ  халқы  өзінің  шешендігімен  шеберлік  және  даналығымен    ерекшеленеді.

Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға,әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы-халықтық дәстүрді кеңінен пайдалануды көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың  ата-бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс-салтын, үлгі-өнегесін жүзеге асыруымыз қажет. Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі.

Ұлттық қасиет пен ұлттық сана  ана тілі арқылы бойымызға дариды. Тәуелсіз ел, әлем мойындаған жұрт қатарына қосылам десең әуелі тіліңді сақта, істі тілден баста. Тілін таныған ел өзін таниды,өзін таныған ел өзгелерге танымал бола алады.

Адамзаттың  ұлысы, Алланың соңғы елшісі, Исламның пірі – біздің Пайғамбарымыз Мұхаммед өзінің 319 хадисінде: «Тілін түзеген адамға Алланың рахметі жаусын», – деген. Ендеше, сол Мухаммед үмбеті біздер өз тілімізді түзеп, дамуына өз үлесімізді қосу әрбір азаматтың борышы деп санаймын.

Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болып, елдігіміздің нышаны болған тіліміздің туын жоғары ұстайық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *