“Қазақ әдебиеті” газеті

  “Қазақ әдебиеті”-Қазақстан Республикамыздың әдебиет,мәдениет және өнер газеті.Ұлтымыздың рухани,еліміздің мәдени айнасы.Әр аптаның бесінші күні жаңа саны шығады.1934 жылы қаңтар айының 10 жұлдызында жарық көрген.Бас редакторы болып Бейімбет Майлин бастаған бұл газеттің қазіргі редакторы-Дәурен Қуат.Қазақстан жазушылар одағы мен “Қаламгер Media” орталығы құрылтайлық ететін “Қазақ әдебиетінің” тамыры тереңде жатыр.

  Жақсы болсаң,жерде қалмайсың демекші,аталмыш газет 1940-1954 жылдары шығуын тоқтатса да,1955 жылдың қаңтар айында қайта жарыққа шықты.1934 жылдан күні бүгінге дейін өз жұмысын тоқтатпаған бұл газетке қызыға қараймын.

  “Қазақ әдебиеті” газетінің өзге басылымдардан өзгешелендіріп тұратын 3 ерекшелігіне кезек берейік.Ең алдымен,”Қазақ әдебиеті” газеті оқырманды рухани әрі мәдени өмірге жетелейді.Аптасына 1 рет шығып тұратын бұл басылым бүкіл өмірге жететін жан-жақты тәлім-тәрбие бере алады.Екіншіден,әдебиет пен өнерді ұштастырады.Сонымен қатар, газет беттерінде қазақ ақын жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, очерктері, роман, повестерінен үзінділер, байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызға қатысты деректер жарияланады.Үшіншіден, оқу-ағарту, білім, ғылым саласындағы әр алуан көкейкесті мәселелерді сөз етеді.

  Газеттегі ақын Патигүл Махсатованың  “Татулық пен тұрақтылықты сақтауымыз керек” атты мақаласын оқып шықтым.Мақала толықтай президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан:жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауына арналады.Президентіміз мемлекетіміздің тұтастығын,еліміздің тәуелсіздігін,береке- бірлігіміз бен татулығымызды сақтау керек екендігіне ерекше мән беретіндігі де айтылады.

  Қорытындылай келе,”Қазақ әдебиеті” газетінің елге елеулі қызмет еткенін аңғара аламыз.”Қазақ әдебиеті” газетінің редакторларына алғыс білдіре отырып,осы уақытқа дейінгі жасап келген ұзақ ғұмырының одан әрі жалғасын табуына тілектеспін!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *