«Қазақ елі» журналы – тұңғыш еларалық басылым

Қытайдың Қазақстан және МоңғолРеспубликасымен шектесіп жатқан өлке тарихтаШығыс Түркістан деген атпен белгілі. Қазіргі таңдабұл өлкені 1 миллионнан астам қандастарымызмекен етеді. Ежелгі Түрік қағанаты кезеңінен берітүркі халықтарының ата қонысына айналған бұлмекенді жоңғар шапқыншылығынан кейінгікезеңдерде Ұлы жүз бен Орта жүздің кейбір руларықоныстайды. 1864 жылғы шекара бөлінісінен кейін, батырларымыз қалмақты асыра қуып, желбіретіп ту тіккен, ұлы ғұлама Шоқан табиғатына тамсанып, күні кешегі алашорданың ардақтыларын қарсыалған Шығыс Түркістан түгелдей дерлік Қытайимпериясының құзырына қарады.

  Осы өлкенің қазақтарына арнап шығарылған«Қазақ елі» журналы жайлы біз не білеміз? Журнал қалай жарыққа шықты? Оны шығару не себептүрткі болды? 1933 жылдардағы саяси өзгерістергебайланысты Шыңжаң өлкесінің билігі Шың-шысайдың қолына өтеді. Шың-шысайдың өкіметінқолдайтындықтарын білдіріп, осы империяныбұрыннан бақылап жүрген Кеңестер Одағы алдағыуақытта жақсы қарым-қатынас орнататындықтарынбілдірді. Алайда Фашистік Германияның КСРО-ғабаса көптеп кіруі Шың-шысайдың КеңестерОдағына және ондағы коммунистік жүйенің өмірсүруіне деген сенімін жоғалтты. 1940-1945 жылдары Шығыс Түркістанда ұлт-азаттық күрестіңорын алған кезеңі еді. Кеңестер Одағы Ұлты Отансоғысының өрті лаулап тұрғанына қарамастан, ұлт-азаттық көтеріліске саяси және рухани көмек беріпотырған. Қытайдағы ішкі соғыста коммунистержетекшілік еткен қызыл әкімият жеңіліскеұшыраса, бұл өлкеде АҚШ-тың шылауындағыГоминьдан үкіметінің билігі мәңгілік орнап қалуықаупі бар еді. 1942 жылдан бастап, Шың-шысайгоминьданшылар тарапына өтіп кетті. Кеңестеродағының сол кездегі ойы Шыңжаң көлемінденемесе Моңғолияға шекаралас өңірден Кеңесүкіметін жақтайтын аз санды ұлттардың саясибилігін құру болғандығын біле аламыз. 1943 жылдың күз айында, Сталиннің өктем саясатыныңықпалымен Алматы мен Ташкент қалаларында«Шығысқа жәрдем комитеті» құрылды. Бұлкомитеттің басты міндеті кеңестік жүйенінасихаттау  еді. Және осы бағытта баспасөзшығаруға нұсқау берілді. Азаттық комитетіжанынан, түрлі мақалалар жазылған үгітпарақшаларымен қоса, қазақ, ұйғыр, өзбектілдерінде журнал шығарыла бастады. Журналдыңаты «Қазақ елі» болып, жоғарыда айтылған екіқалада жарыққа шығып отырды. Ол уақыттаШығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліс оңнәтижелерге жетіп, Құлжада Шығыс ТүркістанРеспубликасы орнаған кезі болатын. Журналдыңтұңғыш саны 1944 жылдың қыркүйек айындашығарылды. Журналдың бас редакторы қызметінкөп жылдар бойы атқарған Бөлебай Исабекұлыныңайтуынша, алғашқы саны 10 беттей болып, 5-10 мың тиражбен айына бір рет шығарылыпты. Журналдың ерекшеліктеріне тоқталып өтсек. Бірінші ерекшелігішекара маңындағыағайындарымыздың оқу үлгісіне лайықталып, араб қарпімен басылды. Қазақша, ұйғыршасы да біргешығып отырды. Журнал Қазақстан Мемлекеттікбаспаханасында басылып, бағасы сол кездегіақшамен 2 сом болған. Екінші ерекшелігішығарудың барлық қаражатын, материалдық-техникалық жұмыстарына сыртқы СаудаМинистрлігі жауап беріп, тарату жұмыстарыменМемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті айналысқан. Үшінші ерекшелігісапасы жоғары болды, солкездегі «Огонёк» журналымен бір деңгейде еді. Сырты қатырма қағазбен тысталып, небір қазақтың әшекейлі ою-өрнегімен көркемделген. «Қазақ елі» журналы Кеңес Одағының ірілі-ұсақты жаңалықтарынан оқырманын шет қалдырмаған. Өз заманындағы республика өмірінде орын алған саяси мәселелер, әдебиет, өнер, ғылыми жаңалықтар жарияланып тұрды.

 Кеңестік жүйеде өмір сүріп отырған қазақ елін көрші мемлекетке таныстыру мақсатында дүниеге келген журналды біз өз заманындағы басылымдардың алдыңғысы болғанын айта аламыз. Тек өз еліміздегі жағдайлармен шектелмей, КСРО-ның шетелдегі саяси мәселелерге өзіндік ойлармен заман үрдісіне сай тыңғылықты талдаулар жасағанына көз жеткіздік.  

                                                                                           

                                                                                            ЖАҚСЫЛЫҚ МӘДИ

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *