Спорттық ойындар.

Қысқа мерзімді жоспар

 

Облыс:Жамбыл

Аудан: Т.Рысқұлов

Мектебі: Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп

Күні  Мұғалімі:  Қойшыманов Бейбіт Шалкарович
Сынып: 7                          Қатысқаны:                         Қатыспағаны:
Сабақтың тақырыбы:  Спорттық ойындар.  (Допты жоғарыдан және төменнен ойынға қосу)   
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7.1.3.3. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіру және жинақтау.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:  Барлық оқушылар допты жоғарыдан және төменнен ойынға қосу біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:  Допты жоғарыдан және төменнен ойынға қосуды  меңгереді.
Кейбір оқушылар: Допты төменнен және жоғарыдан ойынға қосуды шебер орындайды.
Бағалау критерийлері  Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіреді.

Допты жоғарыдан және төменнен ойынға қосу әдістерін біледі және орындай алады.

Кейбір жаттығулардың реттілігін біледі және орындай алады

Құндылықтарды дамыту Оқушылардың бір-біріне құрмет көрсетуіне,пікірін тыңдауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Геометрия, тарих.
АКТ қолдану дағдылары  Аудио және видео жазбалар мен  суреттер.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:  Допты жоғарыдан және төменнен ойынға қосу әдістерін біледі.
·     Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:  Екпін алу, тізе бүгу, ұшу, қону
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестері?

-Допты ойынға қосудың қандай әдістерін білесің ?

-Допты ойынға қосудың неше түрі бар?

– Допты ойынға қосу үшін не істеу керек?

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Допты ойынға қосудың  қандай түрлерін білесіңдер?

-Допты жоғарыдан және төменнен ойынға қосудың қандай  айырмашылықтары және ұқсастықтары бар?

– Әлемде волейболдан қай ел мықты деп ойлайсыңдар?

Алдыңғы меңгерілген білім Ойын ережесін  біледі.Алаңда тұру реттігін біледі.Ойыншының орын ауыстыру реттігін біледі.
Сабақтың барысы                                                                                                               
Сабақтың жоспарланған кезеңдері  Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет    Ресурстар
Сабақтың басы

 8 минут

 

 

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау:

-тізе көтере жүгіру;

-өкше көтере  жүгіру;

-аяқты алға қайшылап жүгіру;

-аяқтан-аяққа адымдап жүгіру;

-әр қадамға биік секіре жүгіру;

-қос аяқпен оңға,солға секіру;

-қос аяқпен алға секіру;

-демді қалыпқа келтіру жаттығулары;

 

 

 

 

 

 

Ысқырық

 

Сабақтың ортасы  

 22 минут

 

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

 

        

 

 

Жаңа сабақ: Оқушыларды екі топқа бөліп доппен жаттығулар жасау. Алу, серпілу, секіру, қону, тізе бүгу т.б қимыл-қозғалыстардың реттілігін көрсетіп, түсіндіру. Арнайы спорттық техникаларды орындап ,ойын кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіріп  және жинақтау.Ойын барысында допты ойынға қосу.Допты төменнен  ойынға қосуды жетілдіру

Допты жоғарыдан ойынға қосуды жетілдіру

      

қосу әдістерін үйрету.

Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіру мақсата Белсенді оқу әдістер пайдаланамын. Жаңа сабақты терең түсіну үшін «Диалог» сабағы бойынша сұрақ- жауаптар арқылы оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру.

Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатта Спорттық ойындар.  (Допты жоғарыдан және төменнен ойынға қосу)  тақырыбы бойынша  Жарыс сабағын ұйымдастырамын.

 Қай топ допты ойынға жақсы қосады.

Ойын барысында кім жеңеді?

Екі топ бір-бірімен ойнау арқылы жеңімпаз анықталады.

Қ.б арналған тапсырмалар:    

Допты жоғарыдан және төменнен ойынға қосуды атаңыз.

Дескриптор:

Допты жоғарыдан және төменнен ойынға қосу әдістерін біледі және орындай алады.

– негізгі дене қозғалыстарын айтады.

 

Ысқырық

 

Спорт зал

 

 

 

Доптар ысқырық

Волейбол сеткасы

 

 

 

 

 

 

Доптар ысқырық

Волейбол сеткасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ысқырық, волейбол добы.

Сабақтың соңы

10 мин

Жарыстардың қортындысын жүргізеді. Болашақта қателерді болдырмау үшін сәтсіздіктердің себебін талдайды.Допты жоғарыдан және төменнен ойынға қосу әдіс-тәсілдерді   қортындылап, бүгінгі сабақта болған көңіл-күйді бас-бармақ арқылы бағалау. бас-бармақ арқылы бағалау.
Қосымша ақпарат
Саралау Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасыи -ның сақталуы
Волейбол. Допты жоғарыдан және төменнен ойынға қосу ережелерін бірнеше рет қайталау.

Тапсырмалар:   Тапсырмалар бойынша саралаймын.

1.    Допты ойынға қосудың қанша әдісі бар

2.    Допты қабылдаудың түрлері

3.    Волейбол ережелері

 

Бас бармак бойынша бағалаймын

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында мақтау сөздерді көп айтамын.

 

 Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалау.

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *