«Жетісу әйелі» журналы
САҒЫНДЫҚ Әсел,
Журналистика факультетінің
1-курс студенті
«Жетісу әйелі» – журналы
Қазақ әйелдерінің баспасөз тарихындағы тағдыры осы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарымен байланысты екені және үлкен өмір мектебінен,саяси күрес пен шыңдалу мектебінен өткені баршаға белгілі.Осы кезеңде қазақ қыздары арасындағы ұлттық интеллигенция кадрлері өсіп шықты.Дәл осы интеллигенцияның қазақ әйелдері арасында қалыптасуына өзінің зор үлесін қосқан қаншама батыр,дана қаламгер әпкелеріміз бар. Солардың бірі – Сара Есова.
Есова – қазақ қыздары қатарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі.Ол әуелде газерттердегі «Жастар бетін» , «Әйелдер бетін» ұйымдастыруға белсене қатысып жүріп,өзінің журналистік қабілетін танытты.
Неге Сара Есоваға тоқталдым? Өйткені Сара Есова әйелдер қауымына арналып шығарылған көптеген газет,журналдардың редакторы болып елеулі еңбек атқарды. Солардың алды,түңғышы – «Жетісу әйелі» журналы.
«Жетісу әйелі» журналы –бүкіл Қазақстан бойынша әйелдерге арналып шығарылған алғашқы басылым,оның алғашқы саны 1923 жылдың 15-і қаңтарында жарық көрді.Көлемі 32 бет басылым. Бұл журналға І.Жансүгіровтің әңгіме,мақалары жарияланып отырғаны да белгілі.Атап айтқанда «Кім екен» деген өлеңі, «Ақын Сара кім еді?» мақаласы және «Күндік өлімі» әңгімесі жарияланған.
Қазақ әйелдері арасында саяси–тәрбие жұмысын жақсартуда Жетісу облыстық партия комитетінің әйелдер бөлімі 1923 жылы шығарған «Жетісу әйелдері» журналы кейін Қазақстан Өлкелік партия комитетінің әйелдер бөлімі 1926 жылдан бастап шығарған «Әйел теңдігі» (осы күнгі «Қазақстан әйелдері») журналы үлкен рөль атқарды.
«Жетісу әйелі» журналы – Жетісу әйелдерін баспасөз арқылы бостандыққа,ескі әдет–ғұрыппен күресіп, әйелдердің аналық хақысы мен білім алуы үшін үгіт жүргізген қайраткерлердің бірі– Сара Есова секілді қаламды қару еткен , журналдың барлық жанрында қалам тербеген редакторымен ерекшеленеді десем артық айтпаймын.
Тағы бір ерекшелігі дерлік ақпаратқа тоқталсақ – ол журналдың жарықкөрген мерзімі. «Қарлығаш қаламдастар» деп аталатын Л.Ахметованың кітабында 1923 жылдың қаңтарында жарық көрді деп күнін нақтыламай қысқа қайырса ,нақты уақыты жайлы Қ.Аллабергеннің «Тарих және баспасөз» кітабынан анықтауға болады. Сондай–ақ «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалықта 1924 жылдың басында тек екі нөмірі жарық көрген деген ақпарат бар.
Қорыта айтқанда, өмір бойы тұрмыс тұтқынында езілген қазақ әйелдерінің ерік алып, адамшылық белгісіне аттауын арман етіп,мақсат қылған басылымдардың болғаны,олардың көркейіп,керегесін биік ұстауына үлес қосушы қарлығаштарымыздың болғаны мына бізге – келешек ұрпақтың қыздарына үлгі деп білемін!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Егемен Қазақстан» , ғаламтор
https://egemen.kz/article/155858-qazaqstanda-ayelder-baspasozi-qalay-payda-boldy
25 шілде 2017. / Интернет көзінен
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718
Тамаша!Өнеріңе нұр жаусын!Сара апамыздай ,үлгі тұтарлық журналист болуыңа тілектеспін!
Тамаша!Сара апамыздай ,үлгі тұтарлық журналист болуыңа тілектеспін!
Керемет!Сара апамыздай ,үлгі тұтарлық журналист болуыңа тілектеспін!
Қызықты мақала,Сара апамыздай,үлгі тұтарлық журналист болуыңа тілектеспін!Сәттілік!