«Алматы ақшамы»газеті

          «Алматы ақшамы» газеті

  Газет-жаңалықтарды шығарып ,халыққа жеткізіп отыратын мерзімді басылым.XVI Ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарда ілінетін ,хан жарлықтары газеттерге жарияланған. Араға ұзақ уақыт салғанымен бүгінгі қоғамда газет өз құндылығын жоғалтқан емес.

Бейімбет Майлиннің сөзімен айтар болсақ :«Халық үшін «Қазақ»газеті көздің қарасындай , «Айқап»журналы көздің ағындай еді.Кеңестік ғылым туралы жарияланып,кедей топ мүддесін біржақты ұғындырып,қорғай білген туынды.«Айқапты»демократияшыл деп бағалады»Газеттің бастауы ретінде «Түркістан уәлаятының »және «Дала уәлаятының»газеттерін айтумызға болады.Қазіргі таңда қазақтың 100-ге жуық газеттері бар.Ең танымалы ,таңдаулысы-«Алматы ақшамы »газеті .

«Алматы ақшамы »газеті-қоғамдық ,саяси басылым.Өткені мен бүгінгісін салыстырсақ ,газетте біршама өзгерістер бар.Өзіне толықтай қажетті жетерліктей оқырмандарды жинай алды.Бірінші саны 1988жылы шілдеден бастап шыға бастады .Аптасына 3рет ,60беттік шығарылыммен шығарылады.53шақты адамдар қызмет етеді.Талай жылғы тарихы бар газет өз оқырмандарының сүйікті көзаймына айнала алды.Газетте сауатты сөйлейтін және сауатты жаза алатын,сөзге шешен,ойы ұшқыр,білікті журналистер қызмет етіп келеді.Олардың ішінде Нұржамал Байсақолованың орны ерекше. Басылым қалалық әкімдік пен маслихаттың жұмысын ,Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірін жазып келеді.Редакцияда қоғамдық саяси өмір экономика және әлеуметтік мәселелер ,құқық ,әдебиет ,өнер ,хат және қоғамдық бөлімдері бар.Газеттің алғашқы редакторы-И.Бейсебаев.Газеттің электронды нұсқасыда жұмыс істеп тұр.

   Алматы ақшамы газеті- біршама күрмеуін таппаған мәселелерді шешуде көмекші.Басылым әлі күнге дейін өз қызметін тоқтатқан жоқ.Өз жұмысын әрімен қарай жалғасуда.«Алматы ақшамы»газеті саяси газеті болғаннан кейін,Алматы қаласындағы саяси,ауқымды жаңалықтарды шығарып отыр.Мысалы:«Алматы тауларында блокбекеттер қойылды»,«Алматы қаласында жартылай марофон өтіп жатыр»,«Ұбт талаптары өзгерді»,

«Алматылықтарға дабыл сөмкесін дайындау ескертілді».Бұл туралы толығырақ айта кеткенім жөн болар.

  20 сәуірде таңертең Алматы тұрғындарына дабыл сөмкесін дайындау ескертілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Осы бейсенбі сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтетін болады. Бұл ретте жылына екі рет өткізіледі. Тоқсан сайын қала ұйымдарында сейсмикалық оқу- жаттығулар өткізілсе, жыл басынан бері өзінде 2,8 мыңнан астам сейсмикалық оқу- жаттығулар өткізілді.

Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау», делінген Алматы қалалық ТЖ департаментінің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, алдағы жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындық жүргізілуде. Мәселен, бүгіннен бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталып, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы ақпараттандырылмақ.

«Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, «ДӘРМЕН» Мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі», – деп хабарлады Департаменттегілер.

Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде халыктын іс-әрекеті бойынша жадынамалар тарата отырып, сондай-ақ ТЖ жағдайына дабыл дорбасы жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілетін болады

   Еліміз «Қазақ хандығының 550»жылдығымен тұспа тұс келген «Алматы ақшамы »газетінің 27жылдық мерейтойы жоғары деңгейде қатар аталып өтілді.Мерейтойға ел ағалары мен қоғам белсенділері қатысып,өздерінің ізгі тілектерін арнады.Газетке ынтық ықласпен сүйсініп ,болашақта үлкен мүмкіндіктерге жол ашатына зор сеніммен қарады

             Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің 1курс студенті Сапарбекқызы Жақсыгүл

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *