«Үж жүз» газеті
«Үш жүз» газеті қазақ қоғамындағы ең елеулі орын алатын орны бөлек, халықтың көзайымына айналған, қазақ социалистік үш жүз партиясының баспаханасынан шыққан, тың әрі сапалы мәліметтерді жеткізіп отырған, орны ерекше газеттердің бірі. Осынау бір уақытта 1917 жылдың желтоқсан айынан бастап, 1918 жылға жейін Петропавл қаласында шығып тұрған. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, осы «Үш жүз» газеті туралы дереккөздер сирек кездеседі. Соның бірі де бірегейі ретінде осы газет туралы мұрағаттарда, ақпарат көздерінде газеттің қанша саны басылып шыққаны белгісіз. Дегенмен, орыс империясындағы және қазақ қоғамындағы өзекті мәлелелерді талқыға салып отырған қаһарлы баспа газеті еді. Қоғамдық ахуалдар, ұлтаралық қатынастар, жаһан жаңалықтары газеттің бір бөлігін құраған айдарлар еді. Көбінесе газетте сапалы әрі жақсы еңбектерді үлкен ізденіс пен қажырлы еңбекті талап ететін ұстанымдары бар еді. Мәселен, айтқанда, газеттің редакторы – К. Төгісов, газет бетіне жарияланып отырған мақалаларды, жазба деректерді күрделі тексерістен өткізіп барып, газет бетіне жариялауға рұқсат беретін. Осындай талапшылдықтың арқасында елдегі саяси ахуалды ескерте отырып, қазақ автономиясы туралы өзіндік реалистік пікірлерді пайымдайды. Бірақ, араға уақыт салып патша өкіметі «Үш жүз» газетіне орыс саясатындағы теріс пікір қалыптастырдыңдар деген жала жабылды. Солай, «Үш жүз» газеті және «Үш жүз» партия басшыларын әсіресе, Колчак өкіметі тұтқындағаннан кейін газеттің жарыққа шығуы тоқтады.
ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ Дидар,
Журналистика факультетінің
1-курс студенті