Өрісі кең болған “Қазақстан-Заман” газеті
ТҰРАХАН Нұрайым,
Журналистика факультетінің
1-курс студенті
Тәуелсіздіктен кейін іле-шала жарық көрген халықаралық қоғамдық-саяси, танымдық басылымдардың бір легі «Қазақстан-Заман» газеті болатын. Газеттің басты мақсаты мен міндеті — Түркия мен Қазақстан арасындағы ақпараттық байланысты орнатып, Елбасымыздың саясатын қолдай, елдегі тұрақтылық пен Қазақстан халқының бірлігін насихттап, халықтың толық сенімділігін қалыптастыру еді. 1992 жылы 17 қаңтарда алғашқы саны шыққан газет Қазақстандағы алғашқы халықаралық басылым ретінде 2000 жылы «Қазмедия» ЖШС компаниясының құрамында қайта құрылып, «Қазақстан-Zaman» деген атпен қайта жаңғырып шыға бастаған болатын. Тәуелсіздік алған жылы Түркия Президенті Тұрғыт Озал мен Елбасымыз бүкіл түркі елдерінің алтын көпіріне айналуына сүбелі үлес қосты. Содан бері газет халқымыздың үлкен көзайымы болды. Қазақстанның тәуелсіздігінен бір ай, бір күннен кейін жарық көріп, еларалық еркін газет аталған бұл басылым алғашқыда жазушы ағамыз Қалтай Мұхамеджановтың бастамасымен ашылған. Ең әуелі 1990 жылы Әзірбайжанда дүниеге келген газет кейін келе Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Татарстан, Башқұртстан, сосын Балқан түбегіндегі Румыния, Болгария, Македония елдерінде шыға бастады, ал Еуропада – Германия, Америка, Австралияда филиалдары бар. Басылым күннен күнге таралым ауқымын ұлғайтып, қызметкерлер санын көбейту жұмыстарын жүргізуде. Негізгі газет аптасына бір рет, 12 беті қазақ тілінде, 4 беті түрік тілінде шығатын. Газеттің атауы кейін «Qazaqstan zamany»болып өзгеріп толығымен қазақ тілінде шығатын болды. 2019 жылдан бері «Qazaqstan dauiri» деген атпен шығып келеді.
«Заман» (басылым) бүгінгі күні Түркиядағы ең танымал әрі беделді газет. Мәселен, біздің елдегі Ахмет Аляздың басқаруымен жарық көретін «Қазақстан-Заман» газеті де түрік «Заманының» қазақ тіліндегі нұсқасы. Баспасөзге өзіндік бетбұрыс ала келген басылым шет елдерде де жарық көріп, өрісі кеңейген газетке айналды.Басылым ақпаратты жедел, еш өзгеріссіз берумен ерекшеленетіні сөзсіз. Қоғамдағы келелді мәселердің барлығына дерлік жауап іздеуге тырысады. Бұл осы елде жарық көргендіктен қазақтың діні, тілі, саясаты болсын ешқандай мәселеден тысқары қалған емес, елдің ішкі-сыртқы шаралары, халықтың жанайқайы турасында біз өз көзқарасымызды танытып отырмыз. Әрине, газеттің өз басында да қиыншылықтар болмай қалған жоқ. Бірер мәрте жабылып, қайта бойын түзеді. Сонда да өзінің даңғыл жолынан жаңылмай, газетіміз болашаққа қарай нық адымдап келеді. Қазақ-түрік достығының жалауындай болған «Қазақстан – ZAMAN» газеті маңыздылыған еш уақытта жоғалтпас.
Ендігі басылымның басты бөлімдеріне көшсек, олар:
-Ақпарат;
-Қамшыбасар;
-Астана ажары;
-Түркі дүниесі;
-Аймақтар айнасы;
-Саясат;
-Экономика;
-Әлеумет;
-Жер жаһан;
-Тарих;
-Дін;
-Өнер;
-Жанайқай;
-Отбасы;
-Спорт;
-Құттықтаулар. «Бәрін айт та, бірін айт», осы 16 бөлімнің ішінде таза сараптамалық ақпарат таратумен айналысатыны – «ақпарат» бөлімі.
Жалпы, газетте саяси мәселелер ауқымды көтерілді. Мысалы, оның соңғы нөміріне(1995 жылғы) зер салсақ, Ресейдің Шешенстанға жасап отырған зорлық-зомбылықтары туралы бірталай материалдар жарияланған екен. Мәселен, «Шешенстан — екінші Ауғанстан» деген мақалада бұл шиеленіске еш қатысы жоқ Ресей жерінде әскери борыштарын өтеп жүрген қазақ жауынгерлерінің де Шешенстаннан табылып, алғашқы қайғылы хабарың да жетіп үлгергенін ашына жазады. 1992 жылы жарық көрген басылымның ең алғашқы санында «Қаламгер ой толғайды» айдарымен Әбіш Кекілбайдың «Ту тұғыры берік болсын десек…» атты материалы басылып, онда жазушы ұзақ ғасырлар бойы қазақ халқы аңсап келіп, енді ғана қол жеткізген тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеп, ұлт шаңырағын биіктетудің мүдде-мұддағасы жайында басқаларға ой салар толғамдарын ортаға салған. 1992 жылы шыққан газеттерде осы айдармен Кәкімбек Салықовтың «Экология, экономика, саясат» атты мақаласы сияқты тағы да бірнеше өзекті мәселелер қозғалған. Атап өтетін жайт, газет жеке тұлғаларды асыра мақтау, мадақтау сияқты теріс құбылыстарға әуес болған жоқ. Ширек ғасырда газет өзінің даңғыл жолынан жаңылмай, екі ел арасында ақпараттық байланыс орната білді. Ұлт мүддесін алғашқы шепке қойған халықаралық басылымда қазір жаңа айдарлар жарық көріп, оқырман назарына көкейкесті мәселелерді ұсынып келеді.
Ибраһим пайғамбар отқа лақтырылып жатқан кезде кішкентай қарлығаш тұмсығымен су тасып жүріпті, оны көрген басқа құстар «сенің тұмсығыңның ұшындағы су оның жарасына ем болмайды ғой» дегенде ол «оны мен де білемін, бірақ мен Құдайдың алдындағы Ибраһимге деген ниетімді білдірудемін» деген екен. Біз де сол қарлығаш сияқты қандас бауырымызбен ниеттестігімізді танытып, оның бұдан былайғы тағдырына ортақтығымызды білдіріп, осы мақсатта газетіміздің миссиясын әрі қарай жалғастыра бермекпіз»,- дейді редакторы Ахмет Алияз.
Күнделікті шығатын басылымдардың аздығына байланысты мұнда ақпараттық сарындағы журналистика онша дамымаған. Мұның бір себебі қаржы жетіспеушілігі болса, екінші жағынан бастапқыда саяси құрылымдар рұқсат бермеген немесе қоғам дайын болмаған сияқты. Бұған қоса Қазақстандағы газет-журналдардың ақпаратты өзінің көзқарасы тұрғысынан таратуға әлі күнге шамалары келмей отыр. Көбінесе ақпаратты шетелдік, әсіресе, орыстық көзқараспен жазуда, мұның салдарынан сіз орысша ақпарат алғандықтан орыстың сөзін сөйлегендей болып көрінесіз. Қазақ журналистикасының дамуына кері әсер етіп тұрған тағы бір мәселе осы жерден бой көрсетеді, орыстілді басылымның журналисі кез келген жерден өз тілінде ақпарат ала алады, ал ол ақпаратты орыс тілінде алған қазақтілді журналист оны өзі оқып, қазақы ұғымға сай аударып, түсінікті етіп материал жасап шыққанша орыс тілді журналистің мақаласы жарыққа шығып кетеді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні демекші, Елбасымыздың сөзімен қорытындылай, «Заман — Қазақстан» газеті лайымда парасат пен парықтық, имандылық пен инабаттылықтың, ізгілік пен ибалылықтың үні болғай!»
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: