«Ара» журналы
Алибек Таңнұр.
“Ара” журналы
1952 жылдардан бастап кеңестік уақытта сатира қайтадан жаңара түсті. Бұл жанрдағы газет, журналдардың бізге керек екенін түсіндік. Бұған себеп “Крокодил” журналының 1951 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысында осы кезеңге дейін сатираға терс көзқарасты қайта құрауға түрткі болған. Бұл жерде сатираның төмен екендігі, оны қайтадан қолға алу керек екендігі туралы баяндалынған.
Осылайша сьездерде айтылып “сатира бізге керек, болып жатқан дүниелерді сатираменде жазып шығаруға болады. Өмірдегі барлық тоқтаған, тозған, өліп-өшкен нәрселерді сатирамен жазу арқылы қайтадан жандыра аламыз” Осы айтылған мәселелер ХХ сьезде тағы қозғалып, ендігіде сатираға мүмкіндік берілді. Бұл жаңа бетбұрыс сатира саласының өрлеуі болды. Осылай сатерниктер өз ойларын кеңінен жазып, болып жатқан нәрселерді сатирамен араластырып жаза бастады. Себебі кең еркіндік берілді. Сатиралық баспасөз бұрынғыданда дами түсті. Осының нәтижесінде Қазақстанда да 1956 жылдан бастап саяси-сатиралық «Ара» журналы екі тілде (қазақша-орысша) шыға бастады. Бас редакторлығына жауапты жазушы Ғ. Мүсірепов, ал орынбасарлығына Д. Снегин тағайындалған еді. «Ара» журналының шығудағы басты міндетттері сол замандағы ұрлық, өтірік-өсек, зорлық, мансапқорлық, алыпсатарлық және қалың малсынды түрлі майда көзге көрінбейтін қалдықтармен күресу, бұларды сатиралық өткір тілмен баяндап, барлығын әшкерелеу болды. «Ара» журналының бірінші жарыққа шыққан сандарынан–ақ байқауға болатын, назар аудартаты дүниелердің баршылық екенін. Жариаланған суреттері, шарж және карикатурасы осының барлығы бірден көрермен көңілінен шыққандай. Мысалы Леонтьевтің “Осы жұрт мені текке жамандап жүр” деген суреттерінің барлығы ойдан шығарылып салынбаған, оның барлығы өмірден алынып салынған дүниелер. Сондай-ақ осы «Ара» журналында қоғамда кездесіп отырған талай кемшіліктерді, халыққа тигізіп отырған ауыр мәселелердің барлығын. Сатирамен жазып халыққа жеңілінен түсіндіріп бетін ашып отырған. Ө. Қанахиннің “Сарышұнақтармен шайқасу” , Ш. Смаханұлының “Қылкөпір” т.б өлеңдер жариаланып тұрды. Журналдың шыға бастаған мерзімінен 45 жыл ішінде көптеген сатирашыларымыз тәрбиеленіп шықты. Осы “Ара” журналын зерттеген ғалым Т. Қожакеев:«Бұл журналдың шығуы қазақ әдебиетіндегі, баспасөздегі сатира саласын одан әрі дамытуға үлкен ықпалын жасады” деп айтқан болатын.
Осы журнал арқылы көпшіл қауым газет оқи бастады. Халық арасындағы сатираға жақын адамдардың әзілдік қасиеттерін жандандыруға көмектесті. Елдегі ауқымды ауыр мәселелерді халыққа жеңіл оңай тілмен түсіндіріп жеткізіп отырды.
Қорытындылай келе, сатира саласы, осы бағыттағы газет, журналдар ең керекті және сол замандағы құнды ұзақ өмір сүрген журналдардың бірі болды. Осы арқылы біраз дүниенің басы шешіліп, әшкереленді. Бұл бағыттың тигізген пайдасы молырақ болды.