“Жаңа әдебиет” журналының ерекшеліктері
“Жаңа әдебиет” журналының ерекшеліктері
АБДРАХМАНОВА Әйгерім,
Журналистика факультетінің
1-курс студенті
“Жаңа әдебиет” журналы – көркем әдебиет шығармалары мен сын материалдарын шығаратын басылым. Кезінде редакторлық тізгінді Сәкен Сейфуллиннің өзі бастаған еді. Ал Б. Майлин, М. Әуезов, І.Жансүгіров, С. Мұқанов сияқты халқымыздың ірі тұлғалары осы журналдың дамуына еңбектеніп өз үлестерін қосты. Сондықтан да бұл басылым әдебиетіміздің ең танымал ағаларымыздың басын қосты десе болады. Қазір бұл журнал “Жұлдыз” деп аталады. Оның ерекшеліктерін талдап және сипаттап көрейік.
Басында жазып кеткендей және бұрынғы атауы айтып тұрғандай – бұл журнал әуелі әдебиет шығармаларымен танымал болса керек. Шыққан бойынан бастап, сол замандағы классик жазушылардың еңбектерін жарияласа, кейін жаңа қаламгерлердің еңбектерін оқырмандарға тарту етті. Талай ғасырлар бойы үздіксіз әр түрлі жанрдағы, әр түрлі жазушылардың шығармаларын жарыққа шығарып отырды. Бұл “Жұлдыздың” өзіндік ерекшелігі және тарихы деп ойлаймын.
Журналдың “Білім” деген айдарын ерекше деп айта аламын. Себебі, онда білім аясындағы түрлі тақырыптар қозғалады және дәлелденеді. Мысалы, журналдың бір санында қазіргі технология жаңалықтары туралы жазылса, келесі нөмірінде қазақ зиялыларының сауат ашу әдістемелері жөнінде сөз қозғалады. Мәселен, Анар Салқынбайдың «Қазақ тіл білімі ғылымының қалыптасуы мен дамуы» атты ғылыми мақаласында өте қызықты дүниелер талқыланған. Мақаласына сенетін болсақ, Махмұт Қашқаридің “Диуани лұғат – ат түрік” деген танымал еңбегі өзіміздің қазақ тілі тарихына бастау береді. Айта кетсек, бұл шығармада түркі тайпаларының тілі, диалектілері салыстырып талданған. Сонымен қатар, журналдың жаңа “Жас толқын” атты айдары да бар. Бұл еліміздің әдебиет жанашырларына, тіл өнерін жанындай сүйетін жас ақын – жазушыларға жақсы мүмкіндік. Осы айдарды оқи тұра, әдебиет әлі де жаңа ұрпаққа қажет екенін біліп жүреміз.
Әр газет – журналдың өзіндік ерекшелігі мен тарихы бар. “Жұлдыз” басылымы да бұл сөздерден тыс емес. Қазақ басылымының оты ешқашан сөнбесін, жанашырлары мен оқырмандары көп болсын!