“Қазақ үні” газеті

“Қазақ үні” газеті

Елімізде бізді қызықтыратын түрлі басылымдар бар.Басылымдардардың түптамыр тарихын қарасақ,тәуелсіздікке жеткенге дейін,адамдардың ой-санасын оятатын,сауаттандыратын,жігерлендіретін, әрі қызықтыратын тарихи басылымдар(газет,журналдар) өте көп.Ал біздің газетіміздің түп-тарихы 1991 жылынан,тәуелсіздік жылдарындарындағы шыққан алғашқы басылымдарының бірі-“Қазақ үні” газеті.

Алғашқыда газеттің атауы басқа еді.”Қазақ үні” газетінен бұрын-“Жас қазақ”газеті,кейін “Жас қазақ үні” газеті атауын алған.

Сонымен,”Жас қазақ” газеті-1991 жылы 22 наурызда жарық көреді.

Газеттің мақсаты-еліміздің саяси, әлеуметтік және рухани өмірдегі өзекті мәселелерді қозғаумен болған.

Алдағы уақытта, 2000 жылы 11 тамызда,арада 9 жыл өткеннен кейін-газеттін атауы “Жас қазақ үні” газетінен-“Қазақ үні” газетіне атауы өзгереді.

Сонымен қатар газеттің атауымен қоса,оның негізгі тақырыбы мен мақсаты өзгереді.Оның негізгі тақырыбы-мемлекет пен ұлт мүддесін қорғау болды.

Парламент депутаттары Мемлекеттік тілге қарсы шыққанда, оның стенограммасын жариялап жіберген газеттің сең қозғаған сенсациялық мақаласы елімізді дүр сілкіндіріп, зиялы қауымның Сенат пен Мәжіліске Ашық хат жолдауына себепші болды. Оны көптеген баспасөз құралдары қатты қолдап кеткені белгілі. Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақтанда» біртуар қайраткер Шерхан Мұртаза: «Кімнің кім екенін білгің келсе, тек «Жас қазақ үні» газетін ғана оқып, біле аласыздар» десе, «Қазақ әдебиеті» газеті: «Жас қазақ үні» бір мақаласымен-ақ ұйқыдағы жұртты оятты» деп жазды.

Осы жерде айтып кеткенімдей,газет республикалық деңгейдегі басылым болғандықтан,бұл газеттің ерекшелігі басқа газеттерге қарағанда тікелей саясатқа бағытталған.

Бұл қалай?

Газеттің құрылымында саясат(ішкі және сыртқы),тілді,мәдениет,салт-дәстүрменен ұлттық рухани құндылықтарды дәріптейді.

Сонымен қатар, газет Алаш зилыларын,қайраткерлерін өздерінің оқырмандарына үнемі ұсынып отырады.

Егерде басқа басылымдарымен салыстыратын болсақ,”Қазақ үні” газеті алаш идеологиясы туралы,тарихи-сабақ ретінде оқырмандарына көп дәріптейді,көп жастарға Алаш қайраткерлерімізді үлгі ретінде көрсетеді.

Газеттің Президенті-Қаныш Жарылқасын

Бас редакторы-Азамат Тасқараұлы.

Қорытындылай келе,газет туралы көп нәрсені бойға сіңіріп алуға болады.

Тікелей,әрі нақты ақпараттар мен мәліметтерді жариялайды.

Ұлттық құндылығымыз бен мәдениеттімізді оқырмандарға жектізе алады.

Халықтың сеніміне арқау бола алады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультетінің

1-курс студенті

Ынтықбаев Рақым

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *