Қазақстандағы орыс тілді басылымдар

Еліміз сынаптай сырғыған уақыттан қалыс қалмай дамып,цифрлы әлемге қол созғанымен, Қазақстандағы БАҚ арасындағы газет ақпар көздерінің оты әлі де сөнбек емес. 1991 жылдың басынан қазақ тілді халық саны 37%-дан 82,3% ға дейін өскен. Сарапшылар болжамына сүйенсек 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95% қазақша, 90% орысша сөйлей алатыр болады. Соған сәйкес ақпарат құралдарына келер болсақ, соңғы жылдары БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контент үлесі 12,7% ға көбейіп, 84% ға жеткен. Ал орыс тілді контент саны 10,8% ға кеміген. Қазір ат төбеліндей аз болса да орыс тілді газеттердің өзіндік оқырмандары да біршама.

Олардың ішінде республикалық деңгейде хабар тарататын «Казахстанская правда» қоғамдық-саяси аптасына 5 рет орыс тілінде шығады. Көлемі – 2 баспа табақ, таралымы – 71827 дана газеті. Газет тарихында соңғы 70 жыл көлемінде қазақ ұлтынан газеттің бас редакторы болып Асыл Сағымбеков сайланды. Тарихы сонау 1920 жылдан тамыр алған бұл газет еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап еліміз бастан өткерген барша тарихи кезеңдерге өзіндік үн қосып отырды.

«Караван»  – ақпараттық-жарнамалық бейресми апталық газет. Алғашқы саны 1991 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрді. Құрылтайшысы – «Караван-пресс» акционерлік қоғамы. Газеттің «Сообщают наши корреспонденты», «Я самa», «Глобус », «Частный сектор», т.б. бөлімдерінде республиканың экономикалық, әлеуметтік-саяси өмірін қамтыған мақалалар жарияланады. Көлемі 96 бет. Таралымы 225000 дана.

«Экспресс К» – қоғамдық-саяси газет. 1991 жылдан Алматы қаласында қазіргі атауымен басылуда. Алғашқы саны «Юношеская правда» деген атпен 1920 жылдың 7 қарашасында Орынбор қаласында жарық көрді. Осы сынды республикалық деңгейде ақпар тарататын газеттер саны аз емес.

«Знамя труда» – облыстық газет. 1919 жылы тамыздан Әулие ата уезі РКП(б)к-тінің органы ретінде 1919 жылы тамыздан «Аулие атинский вестник» деген атпен жарық көрді. Газет жарық көргеннен бергі уақытта оның бас редакторлары А.В. Алматинская, В.М. Молотов, С.И. Паршенков, Ф.М. Рябов, Л.Ф. Негрышев, Н.А. Токарев, М.И. Сергейчик, Б.Момынқұлов, И.А. Маликова болды. Газеттің қазіргі редакторы – В.И. Козыренко «Знамя труда» газеті тиражы – 10690-қа жетіп, жергілікті билік орындарының қызметі мен облыс өмірін насихаттауда маңызды ақпарат құралына айналды. 1999 жылы тамызда газеттің 80 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

Аймақтық орыс тілді газеттер қатарында: «Вечерний Алматы» , «Знамия родины KZ» , «Знамя труда», «Южный Казахстан», «Сельский труженик», «Наш Костанай», «Огни Мангыстау», «Звезда Прииртишья», «Проспект СК»,  «Рудный Алтай» тағы басқалары жатады.

Ханатов Диас

102 топ

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *