“Кедей айнасы” журналының 3 ерекшелігі жайлы

 

    «Кедей айнасы» журналы

«Кедей айнасы» журналына қысқаша шолу жасап өтетін болсам, бұл журнал жайлы деректер аз. Бұл журнал Орта Азия коммунистік университетінде оқитын қазақ студенттері шығарған таңғай қақтырар журнал. Ташкентте жарық көрген бұл журналдың бар жоғы 5 нөмірі жарық көрді. 1923-1929 жылдар аралығында, дәлірек айтар болсақ 1923 – 24 жылы 1 – 2-, 1926 жылы 3-, 1928 – 29 жылы 4 – 5-нөмірі жарық көрді. Таралымы – 2000 дана. Ең басты ерекшеліктерінің бірі бұл журналды белгілі ақын – жазушылар емес студенттердің өз күшімен шығаруы болды. Атауының өзі қандай ерекше?  Неліктен “Кедей айнасы” ? Алғашкы 

екі  нөмірі  стеклографиямен  шығарылғандықтан,“Кедей  айнасы”  деп  аталған бұл журнал өзінде тек студент өмірін қамтыған жоқ бұл екінші ерекшелігі.

Журнал  тек шәкірттер творчествосының жинағы болып қойған жоқ, онда әлеуметтік  ірі  мәселелер қарастырылды. Оның ішінде атап өтер болсақ, партияны  тазалау, кәмпескенің  тарихи  маңызы,  жастар арасындағы саяси жұмыстар, Қазақстанда индустрияландырудың барлығы  жайында да  күрделі  материалдар жарияланып отырды. Журналда университеттің өз тыныс-тіршілігі, шәкірттер өмірі, оқытушылар туралы көбірек сөз болды. Әдебиет бөлімінде ескі мұра нұсқалары жарияланды.  Студент бола тұра ең деген сол кездегі ірі әрі ауқымды мәселелерді қарастыра алғаны осы журналдың екінші ерекшелегі болды. Себебі, шәкірт өмірі, университет жайлы сөз қозғалған бірінші журнал . Бұнымен ғана тоқталмай Маркс, оның өсиеттері жөнінде жазылды. Бұл журналдың бір өз ерекшелігі еді. Журналдың екі ерекешелігіде басқа журнал, газеттерде қайталануы мүмкін , солардың ішінде топ жарып бәрібір осы ерекшеліктермен бірінші тұрған “Кедей айнасы” журналы. Журнал пролетариат әдебиеті жөнінде айтыстар ұйымдастырып үшінші өз ерекшелігін байқатады . Жаңа жиналған мақал-мәтел, аңыз, әңгімелерді шығаратын . Ал, бұл газет – журналдың көбінен байқалмайды. Себебі,протерлар ол -капиталисттік қоғамда жалдамалы жұмысшы табы.Бұл топтың өзіндік жекеменшік алуға құқығы жоқ.Пролетариаттарға басты табыс көзі тек жалдамалы жұмыс арқылы табыс алу. Бар жоғы 5 басылым ғана шықсада ауқымды тақырыптардыда қарастыра өткені таңғалдырады. Оқушы кедей жастардың пікірлерін, білім тәжірибелерін көптің алдында түсіретін «Кедей айнасы» журналы осылай 3 ерекшелігімен көзге түсті. 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *