“Арай” журналы

Ораш Дияс Нұржанұлы -журналистика факультеті

1 курс студенті

                                   “Арай” журналы

Арай журналы-1987 жылдан бастап шығарылған журнал болып есептелінеді.Алғашында айына бір рет Алматы қаласында қазақ тілінде шығып отырды.Содан соң маусым айынан бастап екі тілде шығарылып басталды,орыс және қазақ тілінде.Қазақша нұсқасы “Арай”деп аталса ,орысша нұсқасы”Заря” деп аталды.Сұранысқа ие болуының себебі ,журнал өз заманында ерекше көзге түсті десем болады, өйткені жастарға арналған журнал ретінде шыққан еді.Журналдың алғашқы редакторы болып Әшірбек Көпішев жұмыс жасады.Журналдың тағы бір ерекшелігі шындықты бұлжытпай,бұрмаламай жазуында.Бұл жастарға ұнап отырды дәне соның арқасында журнал тиражы 3400-ге жеткен екен.

Журналда өте қызықты және әртүрлі тақырыптағы айдарлар шығарылып отырды.Атап өтетін болсақ “Қызға қырық үйден тыйым”,”Дәстүр”,”Шымылдық”,”1001 пікір” және тағы да басқа айдарлар “Арай”журналының парақтарында шығарылып отырды.Бұл журналға әртүрлі бояулар мен әртүрлілілік беріп,оны өз заманында ерекшелеп отырды.Солардың бірі “Айналайын” айдары.Бұл айдар 14-16 жас аралығындағылардың сырласуы болды және сұранысқа ие болып отырды.Айдарда жас оқырмандардың сұрақтарына журнал қызметкерлері жауап жазып,өзіндік ақыл-кеңестерін айтқан екен.Қызметкерлер өздерінің жұмысы жайлы ақпарат бөлісіп ,оқырмандарды жазушылық бағытына қызықтыра түскен.

Журнал үш түрлі ауыр кезеңдерден , түрлі кризистарды бастап кешірген болатын.1994 жылы әлем ағымы мен заман ағымы өзгере бастады.Қаржы жағынан мәселелер туындап уақытша журналдың “Заря” нұсқасы шығарылуын тоқтатқан еді.Бұны да ерекшелік ретінде қарастыруға болады.Журнал басынан өткізген кезеңдерді атап өтсек коммунистік кезеңнің соққылары кезеңі,егемендікке қол жеткізген кезімізде көптеген өзгертулерді бастан кешірді және тоқырау кезеңі – бұл кезеңде көп журналдар жарық көрмей,өмір сүруін тоқтата бастады.

Осындай қиындықтарға төтеп беріп,кейіннен “Арай” журналы 4-5 сан шығарылым шығарып,өкінішке орай өмір сүруін тоқтатты.

Журнал тоқтаса да оның тынысы сол заман адамдары бойынан табылады.Жалпы жастар журналының өмірі осылай өткен екен.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *