Материалзмдегі ғылыми әдістер

Тойғажинов Арсен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, исламтану мамандығының 2-курс магистранты

 

I – Сенімді болмыстың бар болуына алынған ДНҚ

Біз жасырын адамнан Сенімді болмыстың бар болуына  ДНҚ үлгісін алып, ұрпақтану  қабілетіне  зерттеу жүргіздік.

Біріншіден, тылсым дүниеден арылу болмысты жоққа шығаруға әкелді.

Сенімді болмыстың болуы Жаратушының бар екенін білдіретіндіктен, ол оның сенімділігін мойындамады.

Жасырын адам табиғаттан тыс нәрсені мойындамайды. Осылайша, біз материализм үлгісінде креационизмдегі бірінші элементті, атап айтқанда, болмысты  таппадық.

II – Логика мен менталдық аксиомалардың бар болуына алынған ДНҚ:

Екіншіден, болмыс менталдық, яғни әрбір болған жағдайдың себебі бар  делінетін аксиомалардың негізі саналады. Аксиомаларға негізделіп, логикалық тұжырымға жеткенде, әдетте, біз пікір алмасуда логикалық дәлелдемелерді осы  аксиомаларға негіздейміз. Болмыс  болмаса, абсолютті ақиқат сияқты менталдық аксиомалар болмайды. Бұл логикалық дәлелді бұзады.

Сондай-ақ біз бірнеше рет материализмнің өзі жоққа шығаратын тылсым дүниенің орнын жабуға тырысқанын көрген едік. Ол ақыл-ойы бар адамдар келісетін қарапайым аксиомалар мен императивтерге қайшы келетін  ертегілерді ойлап тапты.

Олар “common sense”(ақылға қонымды идея) сөзінің анықтамасын төмендетті. Ал бұл нақты анықтамасы жоқ термин. Бұл контекст кез келген саналы адам келісетін аксиома ретінде келеді. Докинз ғаламның автономды еш нәрседен  бастау алатынын айтады.

Профессор Ричард Левонтиннің ақылға қонымды идеяға қайшы келетін ғылыми мәлімдемесін ақтап айтқан кездегі дәл осындай:

“Мәселе ғылыми әдістер мен институттардың бізді әлем жайлы материалистік түсінікті қабылдауға мәжбүр еткенінде емес, керісінше, қаншалықты ақылға қонымсыз әрі қисынсыз болса да біз зерттеу аппараттары мен тұжырымдамаларды біздің материалистік себептер мен ұстанымдарға сай құру керекпіз. Материализм абсолютті. Өйткені біз Құдайды ғылым есігінен кіргізе алмаймыз”.

[ https://mercatornet.com/a_divine_foot_in_the_door/14620/]

Демек, олардың логикасы мына қадамдардан тұрады:

1. Материализм мен ғылым байланысты.

2. Ғылым қасиетті.

3. Ғылым менталдық аксиомаларға қайшы келеді.

4. Ғылымға қайшы келетін барлық нәрсені жою керек.

5. Барлық менталдық аксиомалар жойылсын.

Сондай-ақ тірі денелердің пайда болу эволюциясына негізделген материализмге сәйкес адамның санасы  кездейсоқтықтың нәтижесінде дамыды. Оның дұрыс  жолға әкелуіне кепілдік жоқ. Дарвин сол нәрсеге деген алаңдаушылығын Уильям Грэхэмға жазған хатында келесі сөздермен білдірді:

“Олай болса мен төменгі жануарлардың ақылынан дамыған адам ақылына және одан туындаған сенімдердің қандай да бір құндылығы бар ма, әлде адамның санасы мүлдем сенімсіз ба дегенге әрқашан қорқынышты күмәнмен қараймын”.

To William Graham   3 July 1881. Down, Beckenham, Kent. | (Railway Station | Orpington. S.E.R) [Glenridding House, Patterdale.] July 3rd. 1881.

Бұл Докинздың Лоуренс Крауспен бір кездесуінде де расталған:

Табиғи сұрыптау кванттық механика теориясын немесе салыстырмалылық теориясын түсіну үшін біздің санамызды қалыптастырған жоқ. Мұны кей адамдардың түсінуі ақыл-ойдың таңқаларлық жетістігі болады.

Ph.D. доктор Элизабет Сатоуристің әлемнің пайда болуына қатысты көзқарасын келтірейік. Ол өзінің«Chapter in Mind Before Matter» материяға дейінгі ақыл кітабынын «Prologue to a New Model of a Living Universe» тірі ғаламның жаңа моделінің прологы деген тарауында былай деп келтіреді:

«Материалдық ғалам табиғаттың анықталатын заңдылықтарының арқасында ең кішкентай физикалық бірліктерден үлкен құрылымдар мен интерактивті заңдылықтарға дейін кездейсоқ түрде жиналды».

Sahtouris, 2009, pp. 10-11

Ал «Оn the origin of species by means of natural selection» кітабының 433-бетінде былай деп келтіреді:

«Бірақ содан кейін менде келесідей күмән туындайды: мен толық сенгендей соншалықты төмен жануарлардын ақылынан дамыған әрі осындай үлкен тұжырымдарды жасағанда соладамның ақыл-ойына сенуге бола ма?»

Оn the origin of species by means of natural selection 433-p.

Дарвин бұл сөздердің барлығын ғалам мен өмірдің жаратушысын мойындамау үшін айтқан.

Күнімізде жаратушыны жоққа шығаратын дарвинисттер мен материалисттер осы әлемді түсіндіргенде ақылды да жоққа шығарады.

Демек, материализмге сай адамның миы мен ақылы төмен жаратылыстардан негіз алып, кездейсоқ пайда болды. Егер де материалды ғалам мен ондағы адам және оның ақылы осындай көріністе кездейсоқ түрде пайда болса, онда ғылыми ізденіс кезінде, факттармен жұмыс жасағанда қалайша кездейсоқ жаралған ақылға сенім артып сүйенуге болады?!

Күніміздегі материалисттер «Дарвинмен қатысымыз жоқ, не үшін оны келтіріп отырсың?» деуі мүмкін. Бірақ ақылға сенімсіздік танытып, оны жоққа шығару тек қана бұрынғы материалисттерге ғана тән емес.

Бірнеше ғана мысалдарды келтіріп өтейік

Атақты материалист әрі Нобель сыйлығының иегері Фрэнсис Крик өзінің «The astonishing hypothesis» кітабында былай деп айтты:

Жоғары дамыған ми ғылыми шындық пен ақиқатты табудың қысымымен емес, өмір сүруге және ұрпақ қалдыруға жеткілікті болатындай ақылды болуға мүмкіндік беру үшін дамыды.

Күнімізде әрі тірі болған материалисттердің де сөздеріне назар аударайық.

Атақты философ Джон Грей «Straw Dogs: Thoughts on Humans and Other Animals»  кітабында былай деп келтірді:

Егер Дарвиннің эволюция теориясы дұрыс болса, онда адамның ақылы ақиқат үшін емес,эволюциялық жетістік үшін ғана қызмет етеді.

Сондай-ақ атеист психолог Стивен Пингер: «How the mind works» кітабында былай келтіреді:

Біздің миымыз ақиқатты тану үшін емес, табиғи жағдайларға бейімделу үшін құрастырылған.

Кейбір материалистер “Дарвин мен басқа материалистер айтқан сөздердің маған қандай қатысы бар, олар менің ұстанымым мен әдістерімді ұсынбайды, мен материализмді ұстанамын және онымен бірге ақыл-ойды құрметтеймін, оған сенемін” деп айтуы мүмкін.

Біз олардың сөзін олар өздерінің материалистік негіздері мен сенімдерімен үйлесімді әрі адал болғысы келіп, Жаратушыны жоққа шығарып,соңында сананың күшін жоюға алып барған қорытындыларын ашық айтқандары үшін келтірдік.

Сондықтан белгілі бір материалист өзінің материалист екенін айтса және онымен бірге ақылға сеніп, олардың сөздерін жоққа шығарса, онда ол материализмнің негізгі механизмін жоққа шығарады және онымен үйлесім таппайды. Бұл адамның ақыл-ойға деген сенімі арқылы ақылға деген мәжбүрлі сенімі мен креационизм сенімінің әдіснамасына иланудан басқа ешнәрсе таппайды.

Мұндай адамда тек екі таңдау бар:

1. Материалистік негіздерді ұстану мен қазіргі материалистер жеткен нәтижеге келу. Соңында өзінің ақыл-ойын құнсыздандыру мен беделін түсіру.

2. Ақылға сүйену және оған сену үшін материализмнен бас тарту.

Осы жерден-ақ біз материализмнің негізсіздігіне көз жеткіземіз. Сондықтан атеист адам сізбен диалог құратын кезде, өзінің Құдайға сенбейтіндігін айтса, демек ол адам Құдайға деген сенімге негізделген ақыл мен оның құндылығын жоққа шығару керек болады. Сонымен қатар ол адам Құдайды сенім аясынан алып тастауды талап етуі арқылы өз санасы мен ақыл-парасатын құнсыздандырып, оның беделін түсіреді. Ал санасы мен ақыл-ойында еш құндылық жоқ адаммен диалог құру, әрі оның мағынасыз, негізсіз пайымдаулары мен талдауларын, логикалық тұжырымдарын талқылаудың еш мәні жоқ.

Қорытындылай келе, материализм ақыл мен логикалық дәлелден бас тартады десек, оныңақылға қатысты үш тұйығы бар:

1. Менталдық аксиомалар тұратын ешқандай негіз жоқ.

2. Материализм болмысты жоққа шығарса, тылсым дүниелердің орнын жабатын, түсіндірмелердің қабылдануына менталдық аксиомалар кедергі жасауда.

3. Ақылға деген сенім жоқ. Ол кездейсоқтықтың нәтижесінде  дамыды. Ақиқатты  білуге әлі де жобаланбаған.

Сонымен біз материализмнен креационизмде бар ақыл мен логикалық дәлел дейтін білімнің екінші генераторын таппадық.

IIIСенімді хабар, яғни бұрынғы ғалымдардың айғақтарына негізделген жинақтаушы білімнің бар болуына жасалған ДНҚ:

Материализмнің  жоққа шығару ауруы мен күмән тудыруы  сенімді хабарды, білімнің үшінші генераторына, адамдардың бақылауы мен олардың тәжірибесі құнды болатын білімге жетеледі.

Біз ғалам мен өмірдің тәртіпте екенін және оларды  тұрақты заңдар реттейтінін, табиғат Конституциясында тәртіп бар екенін,  кейбір эксперименттің немесе бақылаудың нәтижелерін әлі зерттелмегеніне қарамастан, сол контексте Барлық басқа ұқсас жағдайларға қорытындылай алатынымыздай заңдағы тұрақтылықтың бар болуын растадық.

Осылайша, адам тәжірибесі сенімді хабар ретінде дәйекті түрде жинақталады.

Материализмнің  жоққа шығару ауруы мен күмән тудыруы  ақпаратты, білімнің үшінші генераторына, адамдардың бақылауы мен олардың тәжірибесі құнды болатын сенімді хабарға негізделген білімге жетеледі.

Біздің бетперде киген серігіміз табиғаттан тыс нәрсенің бар болуын жоққа шығарған кезде ғалам мен өмір кездейсоқ пайда болды деген пікірге жүгінуге мәжбүр болды. «Сен білем деп ойлаған кездейсоқ әлем» кітабының авторы доктор Алан Лайтман былай дейді: “Біздің ғалам энергияның сәтті тартылыс күші нәтижесінде пайда болған кездейсоқтық”.

Alan Lightman, The Accidental Universe: The World You Thought You Knew

Олар: “Біз және біздің ғалам кездейсоқ пайдаболды деп айтса, кездейсоқтық тұрақты заңдар мен тәртіпті қалай орнатты?

Сондықтан олар эксперимент жүргізіп, қандай да бір бақылауды шығарған кезде бұл біз үшін ештеңе білдірмейді. Егер Біз олардың экспериментін қайталасақ, сол нәтижені шығарамыз деген кепілдікті кім бере алады? Мұндай мәлімдеме  заң мен тәртіптің бар болуын болжайды, ал кездейсоқ заттар ештеңеге де  әкелмейді. Материализмнің жүргізген эксперименттерінің айғақтары қаншалықты сенімді болса да, бақылаулары қанша қайталанса да, еш құндылығы жоқ.

Демек, білімді біртіндеп жинақтау мүмкін емес. Кез келген материалистің көзбен көрмейінше сенбеймін дегенін жай ғана  дәлелдеуден қашып құтылғысы келеді деп түсінуге болады.

Сондай-ақ атеизм Құдай мен тылсым күштерден бас тартқан себепті зерттеушілердің арасындағы бір-біріне деген ғылыми сенімділік пен мінез-құлық негіздерін жоққа шығарып олардан ешқандай құндылық пен маңыздылығын қалдырмайды. Өйткені адамдардың арасындағы сенімділік деген мінез-құлықты жақсы сипат пен мінез деп дәлелдейтін ешқандай лабораторлық эксперимент жоқ.

Демек, материалистерде өз зерттеулерінің нәтижелерін жеткізгенде шыншыл болуға итермелейтін ешқандай моральдық негіздері жоқ. Ал бұл нәрсе ғылыми деректердің сенімділігіне нұқсан тигізіп, оларды құнсыздандырады, арқа сүйеуге лайықсыз қылады. Осы арқылы креационизм әдіснамасы көрсеткендей материализм (жасырын) бейнесінде үшінші элементтен (ақпараттық дәлел) айрылдық.

IV – эмпирикалық дәлелдердің орны бар болуына жасалған ДНҚ:

Жанасу сезімі арқылы адам кез-келген нәрсе мен оның әсерлерін байқай алады, сондай-ақ, бұл сезім ақыл мен аксиомаларға қосылып, бірге жұмыс жасау арқылы көзге бақыланатын нәрсе болмаса да, сол нәрседен туындайтын әсерлер мен іздеріне сүйене отырып, бақылаудан тыс болған нәрсенің барына қорытынды жасайды.

Ал материализм тікелей бақылау мен эксперимент кезінде тікелей ңана бақылай алатын эмпирикалық нәтижеге ғана сүйенеді. Бұл ойды ғылым философы Эллиот Собер өзінің «Эмпиризм» еңбегінде  былай деп айтады: «Кез келген сәтте ғалымдар қолда бар бақылауларымен ғана шектеледі… Ғылым өз назарын бақылаулар шеше алатын мәселелерге шектеуге мәжбүр болғандығында жатыр».

Sober, E. (2010). Empiricism. In: Psillos, S and Curd, M, ed, The Routledge Companion to Philosophy of Science, pp. 137-138.

Алайда олардың әсерін (мысалы, ауырлық күші) зерттей отырып, заттарды анықтау үшінбақыланбайтын және физикалық емес заттар, олардың әрекеттері арқылы бар бола алатынына да көз жеткізе аламыз. Демек шындық тек көзге көрінетін денелі нәрселермен ғана шектелмейді, керісінше көзге тікелей бақыланбайтын нәрселердің де бар екенін мойындауымыз керек.

Материализм тек көзге көрінетін нрсені ғана қабылдаймын десе де бақыланбайтын нәрселерді қабылдап, оны “ғылыми” деп атаған кездері бар. Мұны көптеген физиктер растайды: Үшіншіден, XXI ғасырдың басынан бастап материя мен энергияның белгілі түрлері ғаламның шамамен 4% ғана құрайтыны белгілі болды. Қалғаны “қара материя” және “қара энергиядан” тұрады. Физикалық шындықтың 96% табиғаты сөзбе-сөз түсініксіз болып келеді”.

Setting science free from materialism, Rupert Sheldrake. Explore (NY). 2013 Jul-Aug.

Өздерінің мойындаулары бойынша, материя мен оның энергиясы көзге көрнбесе де қара материядан туындаған әсерлері оны мойындауға алып келеді.

Мысалы Гари Клиф бір выстплениясында былай деп айтты: “1988 жылы астроном ғалымдар тамаша жаңалық ашқан, олар әлемнің жылдамдықпен кеңейіп бара жатқанын айтқанда оны белгісіз күш итермелеп жатқанын растады, бұл белгісіз күшті қара энергия деп аталады, сондықтан физика саласында “қара” деп аталатын нәрсен көрсен сен күмәнмен қарау керексің, өйткені біз оның не екенін білмеуіміз мүмкін”

Бұл қара материя бар ма әлде жоқпа деген нәрсеге  кірмейміз өйткені бұл жерде біз: “күніміздегі ғылыми қауымдастық  қара материя мен энергияның өзін көрмесе де оның әсерлеріне қарап барына сеніп иман келтірген” деген маңызды нәрсені ғана атап өтуіміз керек.

Бұл материализмнің тағы бір тұйығы. Осы әлеммен тіршілікті түсіндірген кезде көзге көрінбеген немесе ұстап тексере алмаған себепті Құдайды алып тастаса да, көзге көрінбейтін басқа нәрселердің барын мойындауға тура келді. Тылсым күштерді де көзге көрінбеген себепті мойындамаса да, осы мәселені жабу үшін көзге көрінбейтін өзгеғаламшарлықтар туралы ақпараттарды алып келе бастады. Осы әлемді түсіндіргенде ол бізге эмпирикаға қайшы болған ешкім көрмеген әрі бақыламаған нәрсемен келді.

Материализм адамзат заттың жанасуынан немесе оның әсерінен келіскен қабылдау анықтамасына қайшы келіп, бізге қияли нәрсені алып келді.

Осылайша, біз материализмде креационизм бойында бар және қабылдаудың дәлелі болып табылатын соңғы білім генераторының, яғни жанасу сезімінен дәлел болу күшінен айрылдық.

Осылайша, біз “бұл баланы мен дүниеге алып келдім” деп келген жасыранған адамды мүлдем бедеу екенін және ол осы “сайнс” деген әдемі баланы дүниеге әкеле алмайтынына көз жеткіздік.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *