«Алаш ардақтылары аңсаған болашақ»
Менің идеалым қазақ халқының
тұрмыс жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру, ал мұның өзі игілікті
дамудың алғышарттары болғандықтан
мен мұратты қандай билік қамтамасыз
етсе соған ризамын»
А.Байтұрсынов.
XI ғасырдың дүлдүлі,сөзінен майы тамған шешен Бұқар Қалқаманұлы өз толғауларында «Атамыз-Алаш,керегеміз-ағаш»- деген қазақ халқының тәуелсіз,еркін болу жолындағы күресте ежелгі Алаш рухын қайта көтеріп,бостандық пен бірліктің ұраны етіп алады. Қазақтың бағы бола білген Алихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынов,Мағжан Жұмабаев,Шәкәрім Құдайбердіұлы,Міржақып Дулатов зиялы қауымдары «Алаш» сөзімен қай-қай жерде болмасын тағдырлас. Өйткені тарих беттерінің келбеті ғана болып қоймай, тарихи құндылық пен өшпес бостандық бақытын сыйлаған заман қайраткерлері ретінде санамызда. Отанына деген өшпес махаббаттарының «машақатын» мұздай абақтыда атқарып,шолақ саясаттың нысанасы болып көзделіп,атылып кете барды…
Алаш идеясын құруда зиялы қауым бес түрлі мақсатты ту етіп алғанды. Олар: жер, жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың игілігіне жұмсалуы қажет,қойдың үстінен қырқылған бір уыс жүн қазақтың үстіне тоқыма болып тоқылуы тиіс, тіл,дін және діл үстемдігі,ұлттық дәстүр мен тәуелсіз ғылымға негізделген,заңға сүйенген ұлттық демократиялық мемлекет құру еді. Осы бес мақсат аясында олар отқада жанды, суғада батты тіптен «халық жауыда» атанды. Нәтижесінде ұрпақтары олар салған сара жолды жалғай алмай келуде. Мәселен, Алихан Бөкейханұлы «Жерсіз Отан жоқ.Қашан қазақтың өзі өркениетке ілігіп,техниканың тілін меңгергенше,жерді жекеменшікке беруге болмайды»,-деген болатын,ал қазірде Байқоңырымыз елу жылға жалға берілген. Екінші идея бойыншада байлығымыздың рахатын біздер емес шетелдіктер көруде. Бұл бұрматылған саясаттың бізге әкелген жетістігі деп білген жөнді тәрізді. Үшінші идеясын пайдалану арқылы Алаш қайраткерлері: «Отарлық жүйеде басқаға қарайлаумен күніміз өтті.Тәуелсіз экономика жасамасақ, емінсек ел боламыз.Ол біздің алған тәуелсіздігімізді он бес жылда екінші бір тәуелді мемлекетке айналдырады» деген болатын. Ал бізше? Тәуелсіздігімізге 31 жыл толсада,әлі күнге дейін тәуелсіз экономика жасай алмай Ресейге тәуелдіміз. Төртінші идея бойыншада қазіргі заманауи қоғам тіл мен дін үстемдігін жөнді басқара алмауда, бір жартымыз ұлттық мұрамыз мемлекеттік тілде сөйлеу «ұят» деп қабылдаса, енді бірі дінімізді қаралап, қорлау үстінде. Туған тілін саудаға салу-рухани қылмыс болып саналады. Бесінші идеяда айтылған тәуелсіз ғылымға әлі жетпеу себебіміз біздегі кеңестік қалдық санадан арылмауымыз жәнеде отарлық тәуелділіктің әлі өшпеуінде.
Қорытындылай келе, алаш ардақтылары аңсаған болашақтың бағдарына жетуге жұмылған жұдырықтай әрекеттенсек, олардың ойларындағы еуропалық партиямен қатар,демократиялық тәуелсіз ғылым көшбасшысын бастаған ел болар едік. Ел боламын десең-бесігіңді түзе деген дана қазақтың нақылымен, зиялы қауым сыйлаған бостандық пен еркіндіктен айырылмайық.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718