оқу іс-әрекеті: “Гүл”
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің түрі: «Қоршаған орта»,
Тақырыбы: «Табиғат сыйы»
Мақсаты: Ойын арқылы табиғатқа, өсімдіктерге тиым іс-әрекеті мен дұрыс іс-әрекетерін, тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету. Дамыту: шығармашылық, танымдық деректерін, ақыл-ой, сөздік қорынларын дамыту Тәрбиеле Әдіс-тәсіл: көрсету,түсіндіру,әнгімелеу, орналастыруу: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: Табиғат, өсімдіктер Билингвалдық компонент: Табиғат сыйы – дар природы Құрал жабдықтар: Воскибович технология.,
Әдіс-тәсіл: көрсету,түсіндіру,әнгімелеу, орналастыру
Оқу қызметінің кезеңдері
|
Педагогтың іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Қәне, балалар бүгін бізге қонақтар келіпті.Қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбер: Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық Біз жадырап қалайық Келіп қонақпен сәлем Сәлемдесіп алайық. -Балалар бір жылда неше мезгіл бар? -Атап беріңдерші. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде неше ай бар? -Қазір қыс мезгілінің қай айы? -Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап беріңдерші? -Балалар табиғат сыйы дегенді қалай түсінесіздер? -Дұрыс айтасыздар балалар. Бізді қоршаған орта табиғат деп аталады. Табиғат сыйы дегеніміз – ол жазира дала, биік таулар, көгілдір өзен-көлдер, жан-жануарлар мен құстар. -Табиғат нешеге бөлінеді? Қане айтайықшы. |
-Сә-леметсіздер ме!
-Здравствуйте! -Good morning! -Бір жылда 4 мезгіл бар. -Қыс, көктем, жаз, күз. -Қазір жылдың қыс мезгілі. -Қыс мезгілінде 3 ай бар. -Желтоқсан, қаңтар, ақпан. -Ақпан айы. -Қар жауады, боран соғады, аяз болады, адамдар қалың киінеді, аққала жасаймыз. 1 бала: -Табиғат сыйы дегеніміз – құстар, ағаштар, өсімдіктер. 2 бала: -Табиғат сыйы дегенді мен таулар, тастар, өзен-көлдер деп түсінемін. 3 бала: -Табиғат сыйы дегеніміз – жарқыраған күн, бұлт, жер деп түсінемін. – Табиғат 2-ге бөлінеді: өлі табиғат және тірі табиғат.
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Балалар экранға мұқият қарайық.
(Табиғат құбылыстарының әртүрлі дыбысын тыңдау) Тәрбиеші: Балалар не естідіңдер? Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар? Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады. Табиғат – бізді қоршаған орта, туған ел, ауа, күн мен жер, орман мен жануарлар. Табиғат 2-ге бөлінеді. Ол тірі табиғат жіне өлі табиғат. Тірі табиғатқа: ағаштар, гүлдер, ормандар, аңдар, құстар жатады. Олар көбейеді, өседі, дем алады. Өлі табиғатқа: су, тау, тас, құм, ауа жатады. Олар көбеймейді, өспейді, дем алмайды. Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен. Оны біз саяхат барысында бақылап көреміз. Балалар саяхатқа барғыларың келе ме? Бұл қызықты саяхат бірақ, оған тек қана көңілді балалар қатыса алады. Ойынымыз тамаша деп аталады. Мен сұрақ қоямын сендер тамаша деп жауап беріңдер. 1. Бүгінгі көңіл күйлерің қандай? 2.Біздің ұлдар қандай? -Қазір біз мына сиқырлы кемеге отырып, саяхатқа шығамыз. Бұл білімпаздар кемесі арқылы балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын арттырамыз. Кемеге отырдық қане, көзімізге дүрбі ұстайықшы.,енді жан-жағымызға қарайық, аспанға қарайықшы нелер ұшып жүр? Оң жағыңда не тұр? Ал, сол жағында жайқалып не өсіп тұр? Судың түсі қандай? Балалар, мен таптым бұл Табиғат әлемі. Сендер сол әлемге барғыларың келеме? Бұл жерде сиқырлы жіп тұр екен, сол жіптің бойымен жүру арқылы біз тапсырмаларды кездестіріп отырамыз.Балалар біз табиғат аялдамасына келдік. 1. тапсырма жемістер мен көкөністерді орналастыр. Шарты: Жеміс пен көкөністі қайда өсетінін ажырату арқылы ойлау қабілетін қалыптастыру Жемістер мен көкөністер қай мезгілде өседі? Олар қайда өседі? Нелер жатады? Тақпақ Міне келесі табиғат аялдамасына да келдік. 2.Тапсырма Қыстап қалатын және жылы жаққа ұшып кететін құстарды топтастыру. Тақпақ:Қарға, қарға, қорғалар Қар үстінде жорғалар Боран соқса қар болар Бұл бізде түймедақ ойыны. Міне келесі табиғат аялдамасына да келдік. 3. Тапсырма тірі және өлі табиғатты ажырат. Шарты:Балалар тірі және өлі табиғатқа нелер жататынын орналастыру. Тақпақ: Табиғат біздің анамыз Жер ана біздің панамыз Таза болса табиғат Біз де аман боламыз Бұтақтарды сындырмай Тазалықты сақтайық Гүл өсіріп су құйып Табиғатты қорғайық Сергіту сәті: Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз.
Бұл бізде түймедақ ойыны. Шарты: Табиғатқа, өсімдіктерге, тиым іс-әрекетермен және дұрыс іс-әрекетермен танысады. Бұл бізде ерекше ойын. Күлтешелерге болады және болмайды беогілерды орналастыру. Сұрақ: Өсімдіктерге не істеуге болады, не істеуге болмайды. |
Балалардың жауабы:
-желдің үрлегенін, жаңбырдың жауғанын, құстардың, жан-жануарлардың дыбысын естідік.
-Балалар іс-әрекетпен көрсетеді тамаша деп көрсетеді.
-құстар -өсімдіктер -ағаштар -ия
-шыбықтарды сындыруға, от жағуға болмайды.
-балалар қайталайды
-ойға түйгендерін ағаштың бұтағына барып ілу. |
Табиғат әлеміне саяхатқа немен бардық? Қандай ойын ойнадық? Қыстап қалатын құстар атаң және құстар нешеге бөлінеді? Табиғат әлімінде не, кімдерді орналастырдыңдар? Балаларды мадақтау, мақтау |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: тиым іс-әрекеті мен дұрыс іс-әрекетерін
Болуы керек: шығармашылық, танымдылық қабілеттері.
Баланың қолынан келуі: тапсырманы орындай алды.