Неліктен адам өмірінде отбасы маңызды рөл атқарады?..

Отбасы- сыйластық орнаған орта. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген сүйіспеншілік ыстық сезім осы отбасындағы адамдарға деген қарым қатынасынан басталады.Адам өмірінде отбасы ең басты маңызды рөл атқарады.Неге

Өйткені адам баласы дүниеге келген күннен бастап отбасында тәрбиеленеді.Отбасындағы адамдардан өзіне керектті қасиеттерді бойына сіңіреді. Ата мен ана  бала тәрбиесінің қамқоршысы,өнегесі. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Ата- ана балаларына қандай тәрбие берсе.ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді.

Ата бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп.ол туралы да өзіндік ойларды қалдырған.Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң ,Алланың сүйген құлы боласың ,деп отбасында баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын жоғары қоя білген.Ата ана- балаға сыншы .Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып.немен айналысып жүргендігіне жіте көңіл бөлсе,.мерзімдік басылымдарға жаздырып,әдеби шығармаларды оқуға жасынан дағдыландырса кейін бармақ тістейтін оқиғалардың алдыналуға болар еді.

Үлкенді құрметпен қадір тұту .сыйласа білу ,кішіге қамқор болу – бұл қазақ халқы үшін жазылмаған заңдар. Қазақ тәрбиесі  басқа елдермен салыстыруға келмейтін.беделді .тәрбие. Сондықтан да  асыл тәрбиемізді дәріптеуден ешқашан шаршамауымыз керек.

Қорыта айтқанда бала тәрбиесіне ерекше назар аударғанымыз жөн.Дегенмен баланы тәрбиелі де,саналы азамат етіп өсіргіміз келсе ,ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза ,тәрбиелі адам болуымыз керек__Өйткені адам өмірінде отбасы маңызды рөл атқарады.

 

эссе авторы^ Маханова Аяулым Жанатқызы!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *