Киелі келі дзюдода!

Қазақ халқы үшін 6 саны әлемнің жаралуы болса, 60 пен 66 киелі сан. Ұлттық салмақ дережесі деңгейіне жеткен 66 келі ендігі, бокстан дзюдоға көшкендей. Мұны тілге тиек етуіме Алматы қаласында өтіп жатқан Азия бірлігі себепкер. 7-9 сәуір аралығын қамтыған дүлділді доданың -66келі салмақ дәрежесін Қазақстан құрамасы ешбір елге бермей келеді. Алғашқы күні Орынбаев Еркебұлан алтын асынса, 8 сәуір бұл салмақты Рақметқали ЖАРЫС қорғап қалды. Киелі -66 келінің дзюдо төріне шыққаны құтты болсын ҚАЗАҚ елі!!!

 

 

 

 

 

 

 

Рақметқали Жарыс қырғыз азаматы Е.Мирбековпен белдесіп иппон әдісімен екінші кезеңге өтті. Отандасы Бейсембаев Бекасылмен бір шаршы алаңда өнер көрсетіп, қос қазақ азаматы жолдамаға таласты. Рақметқали Жарыс суырылып шығып үшінші кезеңге жолдама алды. Өзбек өкілі Хусановты жеңген соң, кезекті өзбек құрамасының дзюдошысымен белдесті. М.Мухаммаджановты шиырта жеңіп алтын алқа асынды. 

 

Дәл осы салмақ дәрежесінде есімі спорт сүйер көрерменнің ерекше ұранына айналған спортшымыз қола алқаны еншіледі. Лақап аты “ЗайЗа” есімді Зайзагалиев Нұрсұлтан. Өзімен аттас отандасы Жұбатқан Нұрсұлтанды ойсырата жеңгенімен өзбек құрамасының дзюдошысынан басым түсе алмады. 

 

🥇🇰🇿  Рақметқали ЖАРЫС

 

🥈🇺🇿 Мухаммаджанов МУХАММАДИАХИО

 

🥉🇰🇿Зайзагалиев НҰРСҰЛТАН,Жұбатқан НҰРСҰЛТАН

 Жарыстың соңғы күні де нәтижені жаңартарына бек сенімдіміз. Аспаннан түсіп,тақымды қысып тілекші болайық ағайын!!

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *