Қазіргі қоғамдағы «тарихшы» мамандығына деген сұраныс

Қазақстан тарихы кафедрасы доценті, т.ғ.к. Телеуова Э.Т.

Оқытушы Сисенбаева А.А.

Қазіргі жас ұрпақ мамандықты қалай таңдауда? Ата-ана, туыс, мектеп мұғалімдері немесе достарының кеңестеріне жүгініп пе? Кәсіптің беделі мен еңбек нарығындағы сұранысына қарап па? Әлде жеке қабілеттері мен бейімділігіне қарап па? Жас буын дұрыс таңдауды қалай жасайды?

Бүгінгі таңда кәсіби бейімділіктерді анықтаудың әртүрлі әдістері бар, мысалы, мамандықтардың қысқаша сипаттамалары бар түрлі жарнамалық кітапшалар, кеңес алу т.б.  Сол мамандықтардың бірі, тарихшы мамандығына тоқталғымыз келеді. Бірнеше сайттардағы ақпаратты талдай отырып, тарихшы адамзаттың өткенін оның алуан түрлілігін зерттейтін ғылым екенін білдік. Тарихи фактілер мен процестердің барлық түрлері туралы білімді қолдана отырып, ол әр уақытта мемлекет, халықтар мен жеке адамдардың өмірінің бейнесін зерттейді. Қоғамның даму заңдылықтарын белгілейді және болған оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтайды. Сонымен қатар, тарихшылар мектептерде, жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінде, мұрағаттарда, музейлерде, ғылыми орталықтарда және т.б. жерлерде үлкен сұранысқа ие.

Соңғы он жылдықта қаржылық, инженерлік-өнеркәсіптік, ақпараттық-технологиялық мамандықтарға деген қызығушылық артып келеді және  еліміздің тарихи өткеніне деген қызығушылықтың да аз емес екенін байқамау мүмкін емес.  Елдің жаңаруы жағдайында ұлттық тарихи сананы қалыптастыру идеясы сапалы жаңа деңгейге шығуы тиіс деген түсінік қалыптасып жатыр. Ұлттық өзін-өзі танудың мазмұны мен бағыты, ең алдымен, қоғамның рухани және адамгершілік деңгейімен, кейін барып ұрпақтарымызды нәрлендіріп жатқан ата-бабаларымыздың тарихымен айқындалады. Осыған байланысты, қазіргі Қазақстан алдында ұлттық рухани жаңғырту мәселесі бірінші орында тұр. Сондықтан, Қазақстан азаматтарының ұлттық тарихи санасын қалыптастыруда тарихшылардың рөлі артып келеді. Дәл осы тарихшылар, ұлттық рухты жаңғыртуға міндетті және қабілетті болып табылады.

Біздің елімізде тарихи білім беру жүйесін дамыту, бірінші кезекте ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған тарихи білім берудің басым мақсатын көрсететін, ақпараттық және педагогикалық технологияларға негізделген әдістемелерді қолдану үшін жаңа көкжиектер ашуды мақсат етіп қойған. Зерттеушілер «ұлттық өзін-өзі тану» деп адамдардың белгілі бір әлеуметтік-этникалық қауымдастыққа жататындығы және оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны деп қарастырады. Бұл тұжырымдама «тарихи өзін – өзі тану» ұғымымен тығыз байланысты, яғни, адамның белгілі бір этномәдени қауымдастыққа жататындығын, өзінің өткен және қазіргі тарихпен байланысты екенін түсіну сияқты .  Тарихи оқиғаларды объективті бағалау үшін адам тарихи өзін-өзі танудың жеткілікті түсінік деңгейіне ие болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, тарихты оқытудағы басты негіз орталығы адам көріністері мен мүдделерінің алуан түрлілігі болған, тарихи шындықты жан-жақты талдауға бағдарлануы керек. Дәл осы тарихи танымдық, қоғам мәдениетінің және жеке тұлғаның белгісі. Оқу процесіне оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу оқушыларға қазіргі әлем құбылыстарының тарихи байланысын түсінуге, тарихи-әлеуметтік ақпаратты сыни тұрғыдан талдауға, қоршаған айналаға қатысты өз ұстанымын анықтауға, Қазақстанның әлемдік-тарихи үдерістегі орны туралы тұтас түсінікке ие болуға мүмкіндік береді.

Тарихи білім адамзаттың әлеуметтік танымы үшін қажет, онсыз тарихи және мәдени сабақтастық, уақыт пен ұрпақтың байланысы бұзылады. Бұл біздің мемлекетіміздің өскелең ұрпағында өзіндік құндылық бағдарлары мен сенімдерін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *