Журналист болу арманым

Менің болашақ мамандығым – журналист. Журналист қандай мамандық екенін көбісі біле бермейді екен. Журналист деген ақпаратты жинау мен өңдеу саласындағы мамандық.  Ол газет-журналдарда, радио мен теледидарда, сондай-ақ интернетте жұмыс істей алады. Қызығы пен шыжығы қатар жүретін саланың бірі. Журналистика қажырлы еңбек пен шығармашылықты қажет ететін мамандық.

         Журналист мамандығы-менің болашақ таңдауым. Бала кезімнен өмірімді журналистикамен байланыстырғым келеді. Ата-анам менің бойыма адамгершіліктің негізгі қағидаларын сіңіре отырып, менің дамуыма және өркендеуіме, қоғамға пайдамды тигізуіме жол берді. Ата-анамның арқасында мен өз талғамынан ешқашан тайынбайтын, болашақ мамандығымды нық сеніммен және өз еркіммен таңдадым. Жазғанына жанын салатын, кемеңгер адамдардың шығармаларын көп оқыдым. Менде сол кісілер сияқты еліме пайдамды тигізгім келеді.

        Журналистика мені өзінің жан-жақтылығымен баурады. Әр жұмыс сені шығармашылыққа, ұшқыр ойға, өзіңді дамытуға жетелейді. Жұмысты тек өзіңіз үшін емес, еліміздің көркемдеуіне және гүлденуіне жол беріңіз. Журналисттер халық үшін еңбек етіп, санасын өзгертіп, жақсылыққа үміт ұялатуы керек. Халқымыздың лайықты болашағы үшін адал да, аянбай еңбек етемін.

Алматы облысы Қарасай ауданы Kursant hight school

Нұрдана Кенжебек

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *