Ақш-тағы мұғалімдер мен Қазақстан мемлекетіндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің білім беру сапасы мен айлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

          М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

 МАҚАЛА

   Тақырыбы:АҚШ-тағы мұғалімдер мен Қазақстан мемлекетіндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің білім беру сапасы мен жалақысы

                                                          Орындаған: Абжаппаров Меруерт

                                                                   Тексерген: Сембекова Іңкәр

                                             Тараз, 2023

Біздің және мұхиттың арғы жағындағы білім беру жүйелері әртүрлі. Қайсысы жақсы, қайсысы керемет туралы көп дауласуға болады. Бірақ,АҚШ-тағы мұғалімнің жалақысы ТМД елдеріндегі ұқсас лауазымдардағы кірістерден едәуір асып түсетіні даусыз. Бұл мақалада біз Америкада мұғалімдердің қанша ақша табатынын, Қазақстандағы бастауыш сынып мұғалімдерінің жалақысы мен білім беру сапасын талдайтын боламын. Сонымен қатар, Америкадағы, Қазақстандағы мұғалімдік қызметке байланысты кейбір қызықты фактілерді айтамын.

Жалпы, бастауыш сынып мұғалімі деген кім? Бастауыш сынып мұғалімінің көптеген міндеттері бар. Соның ішінде:

1. сыныпта сабақ өткізу,
2. оқушылардың үлгерімін бағалау,
3. біліктілікті арттыру сабақтарына қатысу,
4. оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
5. ата-аналармен байланыс.

Бастауыш сынып мұғалімінің міндеттеріне оқушылардың жасына және деңгейіне сәйкес келетінматематика, жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жүзеге асыру кіреді. Оқыту мен бағалаудан басқа, бастауыш сынып мұғалімдері күні бойы оқушыларға тәртіп пен эмоционалды қолдау көрсетеді. Қазақстандағы мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларына бірнеше сабақтан ұстаздық етеді. Қазақстанда осыған байланысты жалақы төленеді. Ал, Америкадағы мұғалімнің жалақысы әрбір жеке мұғалімнің жұмыс жүктемесіне байланысты болуы мүмкін. Яғни, шамадан тыс тапсырмалар беретін болса, сәйкесінше, жалақысы да көтеріледі.

Бастауыш сынып мұғалімі болу үшін шыдамдылық, табандылық және ұйымдастырушылық қабілет қажет. Қазақстандағы бастауыш сынып ұстазы икемді болуы қажет. 6-шы сынып оқушыларына қызықты болатындай сабақ өтуі тиіс. Мектепте өткізілетін арнайы тәрбие сағаттарын дайындап, қағаздан бас алмайтындары да рас.  20-30 оқушыға білім беру де оңай нәрсе емес.

Қазақстанда бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларға сапалы білім беру үшін өздері қайдан білім алады? Бакалавриатта, магистратурада немесе аспирантурада бастауыш сынып мұғалімдері бастауыш білім беруге маманданған. Мысалы, сіз бастауыш білім беру саласында бакалавр дәрежесін ала аласыз. Содан сіз бакалавр дәрежесін алу үшін жаратылыстану ғылымдарына мамандануыңыз мүмкін. Одан кейін бастауыш білім беру магистрі арқылы кәсіби дамуыңызды жалғастыра аласыз.Мамандық дәрежесі мен оқу бағдарламаларында сіз математика, жаратылыстану ғылымдары, тарих, сауаттылық, өнер сабақтарына, сондай-ақ дәстүрлі білім мен педагогика сабақтарына қатысуыңыз керек. Дене шынықтыруды оқыту, әдетте, жеке мамандарға беріледі.

Ал, АҚШ-та бакалавр және аспирантурада оқып бітірген мұғалімдерге мектепте білім беруге рұқсат беріледі. Егер мұғалім мектепте оқытуға басқа лауазымнан ауысқысы келсе, онда округтің немесе штаттың білім департаменті қолдайтын балама білім беру бағдарламасын аяқтай алады. Ол сондай-ақ сертификаттау емтихандарын тапсырып, оқуға лицензия алуға өтініш беруі керек.

Америкада бастауыш сынып оқушылары 5-ші немесе 6-шы сыныпқа дейін оқиды. Бұл жақта мектептер жеке және мемлекеттік, шіркеу мектептері болып 3-ке бөлінеді. Оқушылардан үй жұмысы іс жүзінде сұралмайды.

2021 жылдың мамырындағы жағдай бойынша АҚШ-тағы мұғалімнің орташа жалақысы жылына 38343 долларды құрайды. Теңгемен шаққанда 17 млн теңгені қамтиды. Бұл сағатына шамамен 18,43 долларға немесе аптасына 737 долларға тең. Осылайша, Америкадағы мұғалімнің жалақысы айына 3195 долларға тең болады. Қазақстанмен салыстырғанда Америкадағы мұғалім жалақысы әлдеқайда көп.

Американдық жұмыс сайты ZipRecruiter.com жылдық жалақыны 17500 доллардан 61500 долларға дейін көрсетеді. Қазіргі уақытта американдық мектеп мұғалімдерінің жалақысының көпшілігі 30 000 доллардан 45 000 долларға дейін (төменгі және жоғарғы 25% табыс деңгейі бойынша) ақша табады. Ең жоғары табыс (ең жақсы жалақы алатын мұғалімдердің 10%) жыл сайын орта есеппен 54500 долларды құрайды.

Төменде Америкадағы мұғалімдердің жалақысы ең жоғары шттардағы табыс деңгейі туралы статистика берілген.

                                      Кесте 1. Америкадағы бастауыш сынып мұғалімдерінің жалақысы

Штат

Жылына

Айына

Аптасына

Нью-Йорк

$43,849

$3,654

$843

Нью Гэмпшир

$42,526

$3,544

$818

Вермонт

$40,219

$3,352

$773

Вайоминг

$39,132

$3,261

$753

Массачусетс

$38,645

$3,220

$743

Батыс Виргиния

$38,099

$3,175

$733

Пенсильвания

$37,915

$3,160

$729

Гавай

$37,648

$3,137

$724

Вашингтон

$37,488

$3,124

$721

Монтана

$36,976

$3,081

$711

Көріп отырғанымыздай, АҚШ-тағы мұғалімдер осыншалықты (американдық стандарттар бойынша) ақша алады.Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарында тек бір орта мектепте миллионнан астам мұғалім бар. Орта мектеп мұғалімдерінің еңбек нарығы 2026 жылға дейінгі кезеңде 7,5% – ға өседі деп күтілуде. Бірқатар болжамдар бойынша, алдағы 10 жылда АҚШ-қа 80 мыңнан астам орта мектеп мұғалімдері қажет болады. Бұл болжамдар, соның ішінде бүгінгі таңда жұмыс істейтін 4000-ға жуық орта мектеп мұғалімдері зейнетке шығады-мыс.

Қазақстандағы мұғалімдердің жалақысы қандай?2023 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25% – ға өсті. Жалақының өсуімен бірге белгіленген қосымша төлемдер де артады. Ең төменгі өсім 25% санаты жоқ жас педагогтардың жалақысына қатысты. 2023 жылы толық жүктеме кезінде олардың жалақысы 319 500 теңгені құрайды. Бірақ, бұл әр өңірде әртүрлі жалақы болуы мүмкін. Дұрыс не бұрысы белгілі емес. Мұғалімнің біліктілік санаты неғұрлым жоғары болса және басқа қосымша төлемдер көп болса, жалақының өсуі соғұрлым көп болады.

Қазақстандағы мұғалімнің жалақысы неге байланысты? Мұғалімнің жалақысы оқу жүктемесіне, яғни сағаттардағы жұмыс уақытының шығындарына байланысты,

Сондай-ақ, жалақы мөлшеріне әсер етеді:

1. біліктілік деңгейі;
2. санат;
3. жұмыс өтілі;
4. өтемақы;
5. ынталандыру төлемдері;
6. біліктілік санаты (лауазымдық жалақының 30-50%);
7. магистр дәрежесі;
8. пәндерді ағылшын тілінде жүргізу (200% дейін) үшін үстемеақы алады;
9. дәптерлерді тексеру;
10. сынып жетекшілігі және тәлімгерлік;
11. дене шынықтыру мұғалімдері — сабақтан тыс спорттық сабақтар өткізгені үшін (орта білім беру ұйымдарында аптасына 3 сабақ үшін базалық жалақының 100%);
12. ерекше қажеттіліктері бар балалармен сабақ өткізу кезінде;
13. үйде сабақ өткізу кезінде;
14. экологиялық жағдайы қолайсыз өңірлерде мұғалімдерге педагогикалық жұмыс үшін қосымша ақылар көзделген.

Тарифтік ставкалар оқу жылының басынан бастап бүкіл оқу кезеңіне немесе жарты жылға белгіленеді. Байқап отырғанымдай, жалақы өссе, талап та өседі.

Қуантарлығы, мемлекет өмірінің барлық салаларының дамуы білім сапасына байланысты. Педагогтердің лайықты еңбекақысы білім беру саласына үздік түлектерді тартуға және мамандардың біліктілік деңгейін көтеруге көмектеседі.

Қазақстан мен Американы салыстырып қарайтын болсам, екі ел де сапалы білім беруге ұмтылады. Америкалық бастауыш сынып мұғалімдерінің жалақысы айына бірнеше миллион болғанмен де, олардың өмір сүру сапасына дәл жетеді деп ойлаймын. Неге? Себебі, АҚШ-та үйлердің бағасы да 500 000+ теңгені құрайды. Ал, Қазақстандағы өмір сүру сапасына да мұғалімдердің жалақысы жеткілікті секілді. Үкіметтен берілетін ақша өскен сайын, мұғалімдерге де талаптың өсетінін ескеру керек.

Қазақстандағы бастауыш сынып мұғалімдерінің қай өңірлерде көп екенін көрсетейін.

               

Бұл жерде қызыл түспен белгіленіп тұрған – Қызылорда облысы. Ал, көк  түспен Алматы облысы белгіленген. Диаграммада көріп отырғанымыздай, Қазақстанда бастауыш сынып мұғалімі мамандығының ең көп саны Қызылорда облысында ашылған. Екінші орында Алматы.

Бүгінде біз жас, қарқынды дамып келе жатқан мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Ол жоғары білікті мамандарға қажеттілік туғызады. Оардың қамтамасыз етілуі, әрине, білім беру жүйесіне тікелей байланысты. Қазақстан Legatum Prosperity index 2010 елдерінің ұлттық әл-ауқатының жыл сайынғы рейтингінде 50-ші орынға ие болды. Бұл бізге Қазақстанның барлық бағыттардағы серпінді даму фактісін тағы да дәлелдейді. Бұл біз үшін керемет жетістік болып табылады.

Қазақстандағы мұғалімнің біліктілігі, білім деңгейі, еңбек өтілі неғұрлым жоғары болса, оның жалақысы соғұрлым жоғары болады. Барлық сыйлықақылар мен қосымша ақыларды ескере отырып, негізгі жалақының коэффициенті 4,5 және одан жоғары болуы мүмкін.

Меніңше,Америка Құрама Штаттарының сапалы білім берудегі басты ұтымды жағы – оқушыға еркіндік беруінде. Қазақстанда да оқушының креативтілік жағын дамытып, еркіндік көп берілсе нұр үстіне нұр болушы еді.

Қорытындылайтын болсам, Қазақстандағы бастауыш сынып мұғалімдерінің сапалы білім берудегі міндеттерін, жұмыстарын, айлықтарын айтып, АҚШ-пен де салыстырдым. Шет мемлекеттегі білім беру жүйесінің ерекше екенін де байқадым. Ең қызықты факт – Америкада бастауыш сынып оқушыларынан үй жұмысының сұралмайтындығы болды. Қазақстанда бұл таңсық нәрсе. Міндетті түрде үй жұмысы тексеріледі. Осымен де, Америка мен Қазақстан өзгешеленеді. Екі елдің де болашағының жарқын болуына сенім артамын. Әлемде саналы ұрпақтар көбейсін!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *