Экологиялық тәрбие берудегі химияның орны

Бүгінгі таңда білімгерлерге экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекеттік деңгейге көтерудің қажеттілігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз – адам зат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін, оны тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзқараспен қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттілігін түсінетін, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты қалыптастыру.

Экологиялық білім беру бағытында – жер тағдыры мен ел тағдырының, табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу міндеттерінің аса маңыздылығына көңіл бөліну қажет.

Қазіргі уақытта білім беретін мектептердің алдында тұрған негізгі мақсат – оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз оны тек қана  дене бітімі жағынан өсіп жетілуі емес, сондай-ақ баланың жан дүниесінің байып, рухани өсуі, қабілеті мен дарындылығы анықталып, кең өрістеуі, парасаттылық ой мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы болып табылады. Осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыруда оқушылардың санасына әсер етудің үлесі зор болмақ, сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлейді, сүйеді.

Химия ғылымын экологиялық негізде құрудың маңызы зор. Экологиялық білім негізін игерген оқушы табиғатты зиянды заттардан қорғауға тырысып, тиімді пайдалануды үйренеді. Табиғат ресурстарын үнемді пайдаланады.

Химия курсын экологияландырудың маңызы зор. Қазіргі кезде елімізде білім беруісін одан әрі дамыту жолы іздестіріліп жатыр. Заттар, олардың қасиеттері және айналымын зерттейтін химия ғылымының мазмұны мұғалімге дүниенің қазіргі ғылыми бейнесін түсіндіруге және күнделікті тәжірибелік іс-әрекеттермен байланыстыру арқылы “Адам – зат – материя – практикалық іс-әрекет” қатынасының күрделі кешенінің мәнін ашуға мүмкіндік береді.

Химияда, көбінесе, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу себептері көрсетіледі. Қазіргі көптеген экологиялық проблеманың негізіне реалды химиялық үрдістер жатқанымен , адамзат химиясыз толық мәнді тіршілік ете алмайды.

Химия пәнінің оқу бағдарламасындағы, оқулықтағы, материалдарды экологиямен барынша байланыстырып, сабақта жергілікті материалды пайдалану арқылы қызықты өткізсе, оқушылардың табиғатқа деген көзқарасы өзгереді.

Экологиялық ділгірліктер – ең алдымен, адамгершілік мәселесі. Осы тұрғыдан химия курсын экологияландыру үлкен адамгершілік парыз болып табылады. Сондықтан көптеген зерттеулерде экологиялық білім беру жалпы білім берудің бір бөлігі ретінде ғана емес, экологиялық мәдениеті, санасы, сол іс-әрекетке дайындығы жоғары деңгейдегі тұлғаны тәрбиелеу мақсатын көздейтін бұл үрдістің жаңа мәнін қарастырады.

Мектептегі оқушының экологиялық мәдениетін дамыту және қалыптастырудың тиімді құралдың бірі – экологиялық мазмұнды химиялық есептер мен танымдық ойындарды қолдану. Оларды оқу үрдісінде пайдалану теориялық химиялық материалды күнделікті өмірде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыдан оқушылардың жұмысқа қызығушылығы, іс-әрекетке белсенділігі артады.

Оқушының теориялық білімдерінің, тәжірибелік эксперименттегі алынған нәтижелерді химиялық талдау жасау арқылы есептер шығаруды үйретуге баса көңіл бөлу химия пәнін экологияландырудың маңызды алғышарты болмақ.

Экологиялық білім адамның ішкі сезімін оятып, айналадағы табиғи ортаға жаңа көзқараспен қорғауға үйретеді. Сол арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілік артып, оның заңдылықтарын тануға және қайта құру үрдісіндегі білімді дұрыс қолдана білуге мүмкіндік туғызады.

Оқушыларға айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау қазіргі заман талабы екендігін ұғындыруға, қоршаған табиғи ортаны қорғау барысында келеңсіз жағдайларға жол бермей қарсы тұрудың қажеттілігін түсінуде мектептен тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеу мектепте жүргізілетін сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырғанда ғана белгілі нәтижеге жетуге болады. Бұл екеуі де бірін-бірі толықтырып отыруы қажет. Белгіленген жоспар бойынша жүргізілген сабақта әр уақытта оқушыларды өзін қоршаған табиғи ортаға жауапкершілігін ашып көрсете алмайды. Сондықтан сабақта өтілетін экологиялық мазмұндағы тақырыптарды кеңірек оқып үйрену ұшін сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды осы бағытта өткізу орынды болмақ.

Сонымен, мектептерде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде табиғат қорғау іс-шараларын үнемі үзбей жүйелі түрде өткізіп отыру оқушылардың бұл мәселені тұсініп, сезіне білуіне септігін тигізеді, туған өлке табиғатына қамқаорлық жасау ға үйретеді. Табиғатты қорғау жұмысы әр оқушының міндетті жұмыстарының біріне айналды. Табиғат қорғаудың мектеп өмірінен кең орын алуына бағытталған, мұндай нақты шаралардың зор тәрбиелік маңызы бар, өйткені ертеңгі азамат, отан байлығының иесі – бүгінгі мектеп оқушысы, мектеп тәрбиеленушісі.

Ақкенже Чаншарқызы Бусурманова,

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,

“Жаратылыстану ғылымдары” кафедрасының доценті, х.ғ.к.,

Ақтау қаласы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *