ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫН ЖАСАУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫН ЖАСАУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Алимжанова Аякоз Саматовна
«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК,
«Бастауыш білім беру» мамандығы, 4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі:Амиржанова Гульмира Қайыржанқызы,технология және оқыту әдістемесі пән оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
Аңдатпа:
Бұл мақалада қазіргі таңда бастауыш сыныптарда қол еңбегіне қызығушылықты оятудың құндылық мәні қарастырылады. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасының талаптары бойынша бастауыш сыныптарда қазақтың ұлттық өнерін қағазды қолдану арқылы оқып – үйренудің өзектілігі айқындалды. Бастауыш сынып оқушылардың сапалық деңгейін, санасын және рухани-адамгершілік дамуын арттырудың маңыздылығы туралы автордың ұстанымы ашылды.
Аннотация:
В данной статье рассматриваетсяценностная значимость привития интереса к ручному труду в начальных классах. Раскрывается актуальностьизучения и изготовления национальных казахских поделок из бумагив начальных классах, по требованиям программы обновленного содержания образования.Раскрывается позиция автора о важности повышения качественного уровня, сознания и духовно-нравственного развития детей начальных классов.
Annotation:
This article discusses the value significance of instilling interest in manual labor in the primary grades. The relevance of the study and production of national Kazakh paper crafts in primary grades, according to the requirements of the program of the updated content of education, is revealed. The position of the author on the importance of improving the quality level, consciousness and spiritual and moral development of primary school children is revealed.
Түйін сөздер:қолөнер, қағаз, оқушылар.
Ең алдымен, қазақ елі тәуелсіздігін алғалыбері халқымыздың қолөнер бұйымдары небір жетістіктерге жеткені белгілі. Себебі қазіргі таңда біз ұмыт бола бастаған қолөнер бұйымдарын қайта жаңғырта бастадық. Қолөнер халқымыздың қасиеті мен ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы болып табылады. Қазіргі кезде жастардың көбісі қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасына жататын қолөнер бұйымдарын дүкендерден немесе көрмелерден қарастырып, олар жайлы кітаптардан оқып, зерттеп суреттерін көргендері болмаса, олардың жасау әдістерін, маңыздылығын біле бермейтіні жасырын еместігі бізге мәлім.Оның себебі мектеп өмірінде,еңбекке баулу сабақтарында қолөнер бұйымдарын жасауды үйрету қолға алмағандықтан болып табылатын шығар. Өнер таусылмас азық жұтамас байлық дейді халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік, моральдік қасиеттердің қалыптасуына эстетикалық сезіміне алға қойған мақсатының айқындалуына әсер етеді. Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы аса құнды саласының бірі қолөнері оның ішінде бұйымдары болып табылады. Бүгінгі кәсібің, ертеңгі нәсібің деп ата бабаларымыз бекер айтпаған екен. Ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер бұйымдарын оның ішінде қолөнер шеберлерінің туындыларын, көне мұраларын тауып оны түрлендіре, дамыта отырып жаңғырту ұлттық қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие берудің бірден бір құрамына айналдыру біздердің парымыз деп санаймын.
Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі десек қателеспейміз. Бастауыш сыныптарда түрлі жұмыстар жүргізіледі. Соның бірі ретінде қолөнер бұйымдарын қағазбен жұмыс жасау арқылы балаларды іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезінуге, қабылдауға үйрете аламыз.Оқушыларға қолөнер бұйымдарынқағазбен жасату барысында ою – өрнектерді үйлесімді пайдалана отырып үйрету, маңызды орын алады. Өйткені ою – өрнектер, бұйымға эстетикалық жағынан нәр беріп, бұйымның құндылығын арттырады.Қағаздан жасалған қарапайым ғана қолөнердің бір түрі – оригамидеп аталады. Бұл қарапайым қолөнерді бастауыш сыныптардың ішінде бірінші сынып оқушыларына қолдануға болады. Сонымен бірге, бүгінгі күнде кең қолданылатын қағаздардың бірі – тағам дайындауға арналған фольга қағазын да қолданамыз. Осындай қағаздың пластикалық ерекшелігін қолдана отырып, түрлі ұлттық зергерлік бұйымдарды жасауға мектеп практикасында балаларды үйретуге болады.
Сурет 1-2: Фольга қағазынан ұлттық алқа әшекейін жасау.
Жаңа форматта білім беру, жаңа заман талабы демекші, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзат құндылықтарының, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамның қалыптасуы, дамуы және кәсіби дамуы» алға қойылған[3]. Өсіп келе жатқан ұрпақтың ұлттық сана сезімін қалыптастыру арқылы мемлекеттік біртұтастықты қорғауға бағытталған білім берудің өзіндік ұлттық үлгісін құрудың қажеттілігі туындады. Сол себепті жаңа технологияны жаңаша білім беру форматы мақсатында оқушыларға 7 модуль әдістерін сабақтарға енгізу – жаңа заман талабы болып табылады. Сондықтан мен, өзімнің іс–тәжірибемде осы бағдарламаны еңбекке баулу сабағында қолдана отырып, оқушылармен жұмыс жасауда нәтижелі жетістіктерге қол жеткіздім.Онда «Мәдени мұра» тарауы бойынша өткізген сабақтарымда жаңа әдістерді енгізіп отырдым.«Қазақ халқының қолөнер бұйымдарын қағазбен жасау» туралы тақырыбында өткізген сабағымда сыни тұрғыда ойлау әдісін негізге алдым. Сыни тұрғыда ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижиесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға жәнесинтездеуге бағытталған пәндік шешім болып табылады.
«Шебердің қолы алтын» демекші сөзге де, іске де шебер ұстаз демеші бастауыш сыныптардажүргізілетін еңбекке баулу сабағының басты міндеті – оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып балаларды қалыптастыру.
Оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу аясындағы жарық көрген бағдарламалар, оқулықтар мен әдістемелік құралдар өзінің септігін тигізгенін жоққа шығара алмаймыз [4].
Мысалы, С.Жолдасбекова мен А.Жолдасбеков І – ІV сыныптарға арналған «Ұлттық сәндік – қолданбалы өнерге үйрету» бағдарламасы аталмыш мәселені жандандыруға үлес қосқандығын атап көрсетуіміз қажет [5].
Жалпы айтқанда, қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып,бірге қайнасып келе жатқан бай қазына десекте болады.
Қорытындылай келе, мен болашақ бастауыш маман иесі ретінде айтар болсам, жалпылай алған кезде, менің негізгі ұстанымым: «Сөзден – іске көшу» демекші, оқушылар алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс–әрекетімен байланыстыра білгендігімен ғана өзіне де пайдасын тигізе алады. Кішкентай бүлдіршіндердің еңбекке баулу сабағында өз ұлтымыздың қөлөнеріне үйрету, өнерге баулу – өз елін, жерін, халқын сүю, салт – дәстүрін бағалай білуге үйретеді.Еліміздің болашақ ұрпақтарына,қазіргі заман талабына сай, саналы тәрбие мен сапалы білім беру – ұстаздардың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын. Сонымен қатар, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының маңыздылығы өзінің төл тума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынамызды жоғалтпай әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Арғынбаев X. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1997.
2. Әбітова Б. «Салт дәстүріміз – сабақта» // Қазақстан мектебі, 1993. №2, 22 бет.
3. ҚР «Білім туралы», ҚР 2007 ж. 27 шілдедегі № 319 Заңы.
4. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін
мектептері оқушыларының еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы.// Қазақстан мектебі, 1993, 21 қаңтар.
5. Жолдасбекова С.А., Жолдасбеков А.А. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге үйрету, 1-4 сыныптар, Алматы, 1993.