«Алаш» газеті және Көлбай Төгісов

                        «Алаш» газеті және Көлбай Төгісов

Қазақ баспасөзінің бастау тарихында тұрған газет атауларының өзі өзіндік маңызы, мақсатын нақты айқындап тұр десек артық айтқандық емес. Газет жайлы тоқталмас бұрын тарихы терең атауына үңілгенді құп көрдім.  Өмірге келетін жаңа газеттің атауын «Алаш» қоюының өзінде де бірнеше мән-мағына бар болатын. «Алаш» атауы қазаққа жақын да, қастерлі еді. «Алаш» – ежелгі қазақ тайпаларының ең алғашқы қауымдастығы, біріккен одағы, сонымен бірге «Алаш» – ата-бабаларымыздың, яғни барлық қазақ жұртының қасиетті ата ұраны. Сондықтан да үнпарақты шығарушы елдің басындағы қиын-қыстау жағдайды аңғарып, отарлық бұғаудан босануына осы атаудың дем беріп, өткір үн қатуына себепші болсын деген үміт мақсаты жатса керекті. Қазақ зиялылары «Алаш» атауының түп төркіні еркіндікті білдіретін қасиетті ұғым екендігін тамыршыдай тап басқан. 

     Енді алғаш «Алаш» деп айдар тағып, газеттің тарихына қысқаша тоқтала кетсек. Алаш газеті ұзақ өмір сүре алмады, соған қарамастан негізгі мәселелерді көтеріп қазақтың газет атауын алдыға сүйреп шығарды . Мұнда ХХ ғ. басындағы оянуларды сипаттайтын біршама еңбек бар. М.Төгісова театр туралы бірнеше мақала жазған. Саяси мәселеде К.Төгісұлы Алаш зиялыларымен ортақ пікірге келе алмаған. «Алаш» газеті – ұлт баспасөзінің бір ізденісі деп білемін. Себебі, осы газетте алғаш еш жерде жарияланбаған мақалалар шыға бастады. Алаш гезті қазақтарға жаңа дем берді. Алаштың алғашқы зиялыларының әлеуметтік, саяси-құқықтық тұжырымды ой-пікірлері «Алаш» саяси-демократиялық партиясының бағдарламасынан әдемі көрініс тапты. Онда қазақ халқын дербес даму мен прогресс жолына бастайтын мемлекеттік-құқықтық идеялар, қазақтың өзін-өзі басқаратын мемлекеттік жүйесін құру, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, жаңа өмір сұранысына жауап беретіндей қазақ қоғамын демократиялық мұраттар бағытында өзгерту және т.б. сол кездегі өзекті мәселелер жан-жақты жинақталған, тұжырымдалған еді. Бұл қазақтың арғы-бергі саяси құқықтық төл тарихында терең із қалдырған «Алаш» партиясының бағдарламасы қазақ қоғамындағы әлеуметтік ойдың деңгейін танытатын, ұлттық сананың өткен ғасырдың басын-дағы шыққан биігі, алған асуы болды. Сондықтан Алаш зиялылары 1916 жы-лы 26 қарашада демократиялық-ағар-тушылық бағыттағы алғашқы «Алаш» газетін шығарды. Бұл газет Ташкентте ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісов-тердің басшылығымен «Туркестанский курьер» баспаханасында жарық көрді. Газеттің ресми редакторы Мариям Төгісова болғанымен де, негізінде газетті шығару ісін Көлбай Төгісов өз қолына алған еді. Газеттің алғашқы санында: «…Көпшілік халықтың мақсаты қалай тілейтін болса, біз алдымызда тұрған бұл мәселелерді солай шешуге әрекет етеміз» деп, «прогресс» ұранын ұстанып отырғанын жасырмады. «Алаш» газетінің бетінде күнделікті болып жатқан әрқилы оқиғалар жөнінде хабарлар, істер, қазақ елінің саяси-экономикалық жағдайы, жер мәселесі, орыс-қазақ шаруаларының қарым-қатынасы, оқу ағарту, мәдениет, өнер, әдебиет, тарих, салт-дәстүр, Мемлекеттік Дума жайы, 1916 жылғы тылдағы жұмысшылар жайы, Құрылтай жиналысы, әйел мәселесі, әдеби көркем шығармалар жариялаған. Оған қазақ зиялылары мен белгілі азаматтар Ш. Айманов, Ғ. Ботбаев,
Т. Жанбаев, Н. Құлжанова, Н. Құлжанов, Ғ. Жанайдарова, Р. Мәрсеков, Х. Ғаб-басов, Ж. Сейдалин, Ж. Ақбаев, Ж. Ай-мауытов, М. Әуезов, Ғ. Дәулетияров,
С. Торайғыров, С. Мұстафин, А. Баржақсин т.б. белсене атсалысқан. «Алаш» газеті редакциясы 1917 жылдың күзінде Ташкенттен Омбы қаласына, кейіннен Петропавл қаласына көшкен. Көлбай Төгісов Петроградқа Бүкілресейлік шар-уалар сиезіне «Қазақ демократиялық ұйымының» атынан өкіл ретінде қаты-суға баратын болғандықтан, газеттің №22 санынан бастап редакторлық қыз-метті Түзел Жанбаевқа тапсырған. 

      Алаш газеті және Көлбай Төгісов байланысы сол жоғарыда айтылғандай газеттің редакторы болған. Көлбай Төгісов – қоғам қайраткері, журналист, драматург. Осы газеттің шығуына өз септігін қосқан ең бірінші адам. Алаш көсемдерінің негізгі идеясы қазақтың егеменді, тәуелсіз, «іргесі бөллек» ұлттық мемлекетін құру болатын. Мұндай құрылым 1917 жылдың желтоқ-санында Орынборда өткен Бірінші Бүкіл-қазақтардың сиезінде жүзеге асты. Алайда «Алашорда» автономиясы бар-жоғы екі-үш жылдай өмір сүрді .Кеңестік тоталитарлық жүйе Алаш қайраткерлерінің азаттықты аңсаған идеяларына жан-жақты қысым жасап, олардың өздерін әртүрлі қуғын-сүргінге ұшыратып, қырып жойды.
Алаш идеяларының өзегі ұлттық мемлекет құру еді. Кешегі патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты мен кеңестік кезеңде мемлекетіміздің толыққанды мемлекет ретінде, халқымыздың толыққанды шынайы ұлт есебінде қалыптаса алмағандығы және «Алаш» газетінің саяси басылым ретінде халыққа толыққанды таралмауы да кеңес үкіметінің жүргізген қысым әрекетінен туындаған болатын.
Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мәселе – «Алаш» газетінің басылымдарын тауып, халыққа жеткізу.Алаш газет мәңгі жүрегімізден ойып тұрып орын алады

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Шоқан Уәлиханов. Көп томдық шығарма-лар жинағы 4 том. Алматы, 2010 ж.

2. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар жинағы 2 том. Алматы, 2004 ж.
3. Ахмет Байтұрсынов. Шығармалар жинағы 2 том. Алматы, 2006 ж.
4. Сүлейменова Д. Д. Алаш қозғалысы және Жаһанша Досмұхамедов. Орал, 2010 ж.
5. Тілешов Е. Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы. Алматы, 2014 ж.

Окен Аяулым

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Унивесрситеті

                                           Журналистика факультетінің 1 курс студенті

interacty.me

РЕКЛАМА16+

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *