Қолжазба «Садақ» журналы және Бейімбет Майлин
ҚОЛЖАЗБА «САДАҚ» ЖУРНАЛЫ ЖӘНЕ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН
Қолжазба «Садақ» журналы 1915 жылдың 9 қарашасынан 1918 жылдың 10 ақпанына дейін Уфа қаласында шығып тұрған. Оның ұйымдастырушысы әрі шығарушылары Бейімбет Майлин мен Жиенғали Тілепбергенов болды. Бұл туралы баспасөз зерттеушісі Серікқали Байменшин Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген кезінде Бейімбеттің «Қазақ» газетінің редакторы Ахмет Байтұрсыновпен кездескенін жазады.
«Садақта» Бейімбет Майлиннің «Өлең туралы», «Күн шықты» және «Сүйгеніме айтамын» деген өлеңдері жарияланған. Бейімбет Майлин «Өлең туралы» туындысында ақынның халық үшін қандай пайдасы бар екендігі жайында толғанса, «Күн шықты» өлеңінде табиғатты суреттеу арқылы жарық дүниенің адамзат тірлігіне тигізетін әсерін жырлайды. Бейімбет Майлиннің тұңғыш кітабы 1925 жылы Қызылорда қаласында С.Садуақасовтың алғысөзімен «Бейімбеттің өлеңдері» деген атпен жарық көрген. Б.Майлиннің науқастанып еліне қайтып кетуіне байланысты «Садақты» «1915» жылғы 3-санынан бастап Ж.Тілепбергенов редакциялайды да, шығарушы мiндетiн «Қазақ ұйымы» атқарады.
«Садақ» қолжазба журналының мақалаларын таба алмадым. Бірақ, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлин мен Жиенғали Тілепбергеновтың «Садақ» қолжазба журналында қызмет етіп жүрген сәтте жарық көрген әңгімелерін талдап көруге болады. Бейімбет Майлиннің 1914-1915 жылдары жазған повесі – «Шұғаның белгісі». Бұл шығармада сол сәттегі бай мен кедейдің әлеуметтік теңсіздігі суреттеледі. Жиенғали Тілепбергеновтың «Қайран, елім-ай» деген əңгімесі де сол замандағы әлеуметтік теңсіздікті суреттейтін шығарма болды. Жиенғали Тілепбергенов бір семьяның сол кездегі өмірін көрсете отырып, заман бейнесін ашып суреттейді. Бұл жайлы автордың өзі: «Төңкеріс кезінде ауылда мұғалім болдым. Ашаршылықтан ісіп, кеуіп, қырылып жатқан халықты көрдім. Бір қызын бір тілім нанға сатқан адамдарды көрдім. Ақтөбе төңірегінде мұғалім боп тұрғанда тоқ елдердегі байлардың аштарға істеген айуандық өмірінен, қыз-қатынмен алып-сатарлық еткені жайынан бір əңгіме жаздым» дейді. Жалпы, екі шығарма да сұм СССР-дің саясатын сөйлемдер арқылы болсын беруге тырысады. Бірақ, біздер Бейімбет Майлинді білеміз де, Жиенғали Тілепбергеновты тасада қалдырып жатамыз. «Көркем əдебиетті тек ұлы ақын-жазушылар ғана жасамайды. Оның ұлылы-кішілі, ірілі-уақты өкілдері болады», – деп Тұрсынбек Кәкішев айтпақшы, қиын заманда әдебиетке қызмет еткен Жиенғали Тілепбергенов секілді тұлғаларды даұмытпау қажетпіз.
Мәди ЖАҚСЫЛЫҚ