Мұстафа Шоқай – редактор

 

Мұстафа Шоқай – қазақ журналистиканың негізін қалаушы.Ұлттық мүдденің сақталуы үшін терлеп,аянбастан еңбек етіп,қаламын халықтың қамы үшін ұштаған  ауыз толтырып айтарлықтай тұлғалардың бірі.

Жүрегі қазақ деп соққан зиялы қауымның ішінен түртіп айтуға болатын жеке дара.Ес білгеннен қаламын тастамаған ол,өз жолын баспасөзбен ұштастырады.Түркістан автономиясы мен Қоқан автономиясының құрылуына сөзсіз сенім білдіріп,қолдау мақсатында “Ұлы Түркістан” газеті Орталықтың Мұстафа Шоқайұлы басатаған мүшелерінің қанатының астында шығып тұрса,«Бірлік туы»,«Алашорда»қазақ ұлттық партиясының органына айналып,алғашқы екі нөмірінде М.Шоқай редакторлық еткен. Сол кездегі қатаң тәртіпке қарамастан,саяси қудаланудан қорықпай,өз жұмысын аянбастан атқарған.Ешкімнің ала жібін аттамай,«Алаш» идеяларын сөзсіз қолдап,тек өрбіту,құндылығын арттыру жұмыстарымен айналысқан.Сонымен қатар,«Бiз құл болып тұра алмаймыз. Бiз ұлт азаттығымызды аламыз» деп халықты сауаттандыру,оқу-ағарту істерімен айналысқан болатын.

Кезінде жазушы Әнуар Әлімжанов “Мұстафа Шоқай!…Ол кім?” атты мақаласында:« бұрынғы патша әкімшілігіне және жер-жердегі оның сойылын соғысушыларға қарсылықтың күшеюіне байланысты Түркістан ұлттық саяси партиялары тегіс біріге бастады» деп жазады. Сөз еркіндігі жоқ,қиын-қыстау заманда өз басын қауіп қатерге тігіп,халықты құнды ақпаратпен құнарландырған.

Бауыржан Момышұлы айтпақшы,«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес,мінезден» – демешкі,Мұстафа Шоқай заманға орай халқына барын берген,өте сауатты редакторлардың бірі.

 

 

Дереккөз:Жарылқасы Нұсқабайұлы «Қазақ журналистикасының тарихы» (1870-2008)

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *