«Айқап» журналындағы ел, жер мәселесі

«Айқап» журналындағы ел, жер мәселесі
Қазақ халқының әй қап деп, қапияда қалып кеткен істерін, өкінетін тұстарын қозғаған «Айқап» журналы шыққанына бүгінде 110 жылдан асты. 1911 жылдың қаңтар айында, Троисцк қаласында, қазақ халқына алғаш баспасөзді танытқан, мәдениетке шақырған, өз ісінің майталманы Мұхаметжан Сералиннің редокторлық етуімен жарыққа шыққан бұл журнал оңайлықпен шықпады. Мұхаметжан Сералиннің басылымды шығарудағы ынтасының сондай ерекше болғанын жұрттан қарызға ақша алып, қаражатты жеткізгенін ақ байқаймыз. Қалижан Бекхожиннің дәлелдеуінше журналдың тиражы 1000 дана болса, бес жылда 90ға жуық саны жарық көрген екен. Алғашқы санында, алғашқы мақаласында журналға неге «Айқап» атын бергенін жазып, түсіндіріп өткен. Одан кейін, сол кездегі өмірдің қиыншылығын, азық-түліктің жетпеуін, оқу-білім мәселелері, әйел теңдігі, бай мен кедей, отырықшы шаруашылық, көшпелілік бір сөзбен айтқанда, саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық сынды күрделі мәселелерді көтеріп жазды. Көп жазылған білім туралы мақалалар болса, еліміздің жер мәселесі де елеусіз қалмады. Жер мәселесі өте өзекті және оған дұрыс назар аударып, шаруамен, егінмен айналысу керектігі жөнінде журналдың екінші санында «Қазақ халқының мұқтаждығы» атты мақалада толығымен жазылды. 1870-1890 жылдар аралығында жерімізге ұйғыр мен дүнгендердің көшіп келуі ұлт ішіндегі араздыққа әсер еткенін, сол сәтте барлық салықтардың өсуі, күнделікті бағаның қымбаттауы халыққа ұнамағаны жөнінде, оны шешу үшін ұсыныстар, кеңестерге дейін жазылған болатын. Жер мәслелесі бойынша тағы да «Отырықшы болған қазақтар туралы». Мұнда болыстық соттардың жанжалды шеше алмайтыны жайында, шешу үшін де сомның бағасының қымбаттығын баяндаған. Тұрақты қоныстануға жарамды жерлердің шетте қалып, керісінше қолайсыз жерлердің өзімізде қалатынын, бұл жүріс өзімізге кері әсерін беретіндігін дәлдеген Мұхаметжан Сералин еді. Бекмырза Бекжановтың Айқаптың үшінші санында жарық көрген «Қазақтың қазіргі халі» мақаласында да қазағымызды озық елдермен салыстыра отырып көшіп-қонумен жүре бермей, фабрикалар салып, бар қазба байлығымызды пайдалану керектігін айтып, дамудағы басты қажеттіліктерді жазды. Жер дауының өзектілігі қай заманда, қай газетте болмасын, қозғалмай қалған тақырып емес. Бүгінде де Қазақстан жеріміздің қаз қалпында сақталу үшін 20 ғасырдағыдай мәселені ашық түрде көтере алатын тау тұлғалы азаматтар көп керек деп ойлаймын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *