“Қазақтың қамын ойлаған-Сарыарқа.”

Жеңісбекқызы Аягөз.

”Қазақтың қамын ойлаған-Сарыарқа.”
Қай заманда болса да халықтың қамын ойлайтын бір жанашыр болады.Қиын-қыстау заманда сондай жанашыр бола білген халық қамқоршысы “Сарыарқа”газеті еді.
Сарыарқа газеті халықтың қамын,ұлттың ұлылығын ұлықтаған ел арасында кеңінен таралған газет болып табылады.Сарыарқа газетінде Алаш партиясының саяси бағдарламасы,Алаш Орда өкіметінің жеделхаттары мен құнды құжаттар жарық көрген.
Бұл газетте Ж.Аймауытовтың мақалары жарияланған.
Жүсіпбек Аймауытов-қазақтың көрнекті жазушысы,драматург,публицист,қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Жүсіпбек Аймауытовтың “Сарыарқа” газетінде жазған мақалаларының бірі “Тұр,бұқара! Жиыл,кедей!Ұмтыл,жастар!”деп аталады.Империяда монархия құлап, келмеске кеткен соң «бостандық» және «теңдік» ұраны көтеріліп, ел арасына демократия, теңдік идеясы тарай бастайды. Жүсіпбек бостандық ұғымының тарихи мәнін, саяси астарын, қоғамдық маңызын қазағына ашып, толығымен жеткізіп беруге ұмтылады. Ол «біздің қара халық бұл теңдік, бұл бостандық кімге келген теңдік, бостандық, неменеге болған бостандық екенін әлі білген жоқ сияқты» деп жаза келіп, «әуелі сөзге бостандық беріледі» деген түйінін айтады. Аймауытұлы шағын жанр арқылы қоғамның әр кезең көріністерін, өмірлік тұрмыс сырларын, адам мен оның еңбегін қарапайым оқиғаға, шындық суреттеріне сыйымды, сенімді, қалыпты етіп жеткізеді. Образдар жүйесі-бейнелі, тіл тұғыры- өте құнарлы, сюжеті жинақты, шебер өрнекті өріс алады. Жалпы, осы жайттарды назарда ұстап, Ж.Аймауытұлының шығармалары қандай тақырып, оқиға желісі бойынша болса да өмірдің өзінен алынғандығын, ал туынды тұлғалары болса-халық арасынан шыққанын аңғару да, тану да қиын емес. Бұл ерекшеліктер үлкен проза жолындағы жазушы ізденісін, өзіндік қолтаңбасын әрі шеберлік сырларынан да мол мағлұмат беріп, келешекке қалдырған өшпес ізі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:Ел қамын ойлаған халықтың жанашыры бола білген газеттер әрқашан тарихымызда сақталады.

Сонадай газеттерді жариялап халыққа жәрдемші болатын Жүсіпбек ағамыз сияқты кісілер көп болғай.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *