«Жаңбыр» Қ.Ыдырысов
Булекбаева Аймкул Мухияшовна
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Жаңбыр» Қ.Ыдырысов
Мақсаты: Жаңбырдың тіршілік үшін маңыздылығын түсінеді.
Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын жүйелі түрде өз сөздерімен
айта алады.
Жаңбыр түрлерін бір- бірінен ажыратып, сөздік қорлары
көбейеді.
Өз туған жерін сүйіп, табиғатын аялай біледі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: “Бірге ойлаймыз” әдісі, «Ортада қаламсап» әдісі, «Еркін
жазу» стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.Шаттық шеңберіне шығу
Топқа бөлу
1-топ «Ақ жаңбыр»
2-топ «Өткінші жаңбыр»
3-топ «Соқыр жаңбыр»
4-топ «Будақ жаңбыр»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жаңбыр өлеңін жаттау.
“Бірге ойлаймыз” әдісі
Өлеңді бөліктерге бөліп, өлеңді ретімен құрастыру. Құрастырып болған өлеңдерін оқу.
ІІІ.Қызығушылықты ояту
Өлең жолдарын аудио дыбысы арқылы тыңдатып, тақырып қойғызу
ІV. Мағынаны тану
Ендеше,балалар, бүгінгі сабағымыз жаңбыр туралы болмақ.
-Жаңбыр дегеніміз не? (видео көрсету)
-Жер бетінен көтерілген бу салқындап, су тамшыларына айналадыда, су тамшылары бір –бірімен бірігіп ауырлайды да,жерге жаңбыр болып жауады.
Бүгін, біз Қабдыкәрім Ыдырысов «Жаңбыр» өлеңімен танысамыз.
Қ. Ыдырысов 1928 жылы Повлодар обл. Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Ол ақын, аудармашы. Тұңғыш өлеңі 1947 жылы шыққан. 30-дан астам үлкенді- кішілі кітабы жарық көрген.Шығармалары: Өмір гүлі, Әрқашан күн сөнбесін, Шуақты күндер, Әке жолы.
Оқулықпен жұмыс
1 Тізбектей оқу
2 Іштей оқу
Әр топтан бір оқушыдан шығып мәнерлеп оқу
Топпен жұмыс
«Ортада қаламсап » әдісі арқылы әр топ жауап беруге мүмкіндік алады.
1-топ: Жаңбырдан соң табиғатта болатын құбылыстарды суреттеу.
2-топ: «Еркін жазу стратегиясы» Жаңбырдың пайдасы
3-топ: Жаңбыр түрлері
4-топ Жаңбыр өлеңін қара сөзбен жеткізу
Сергіту сәті «Жау, жаңбыр» әні
ҮІ. Білгенге маржан
-Көктемде жер көгермей жатып, найзағайдың жарқылын көрмей дауысын естісеңіз, жаз құрғақ болады.
-Қарлығаштар жер бауырлай ұшса, жаңбыр жауады.
-Наурызда жаңбыр болмаса, сәуірде жер көгермейді.
-Қой жүні дымқыл болса, жаңбыр жауады.
ҮІ. Ой қозғау
Проблемалық сұрақ
Жаңбырдың пайдасымен бірге қандай зияны бар?(видео ролик көру)
ҮІІІ. Қорыту
- Өлеңнің бірінші шумағында ақын нөсер алдындағы аспанды қандай
адамға ұқсатады.
Жаңбырдан кейінгі балалар қуанышы жөнінде не айтылған?
3.Жаңбыр жауардың алдында табиғатта қандай өзгерістер болды?
- Ақ жаңбыр қандай жаңбыр ?
5.Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығын ата
ІХ.Үйге тапсырма беру
Өлеңді жаттау. Жаңбыр туралы мақал-мәтелдер жазып келу.
Х. Бағалау.
“Басбармақ ” арқылы
Басбармақты жоғары қарай көтергені- мен сабақты жақсы түсіндім
Басбармақты көлденең- сабақты түсінгендеймін
Басбармақты төмен қарай-мен сабақты түсінбедім