Мемлекеттік тілдің мәртебесі неге төмен?
Қазақстанда мемлекеттік тіл- Қазақ тілі.Тіл туралы заңға өзгеріс енгізбей,мәселе шешілмейді.
Ең бірінші айтарымыз ана тілімізге байланыстыатқарушы билік тарапынан кең көлемде белсенді әрекет жоқ. Іс-шаралар көбіне қағаз жүзінде.Конститцияда “Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл-қазақ тілі “деп тайға таңба басқандай айқын жазылған.
Тіпті “Қазақстан болашағы -қазақ тілінде” деген ұлағатты сөз билік басындағыларды селт еткізетін емес.Неге бұлай Мұның қандай себептері бар Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесі қашан толыққанды жұмыс істейді. Соңғы он жылда Парламенттік ұснған мың жарымдай заң жобаларының бірде- біреуін Үкіметмемлекеттік тілде дайындаған жоқ.Басқа мемлекеттік билік тармақтарына қарағанда, ұлттық сипаты басымдау болуға тиісті және өзі туралы заң қабылдаған Парламент те мемлекеттік тілге байланысты дәрежеде талап қоя алмай отыр.
Бүгінгі үлкен кемшілік – мемлекеттік тілге қатысты қабылданған заңдық нормалар мен үлкен құжаттардың орындалуын қадағалаудың қаттырақ айтсақ жоқтығы,жұқартып айтсақ жетімсіздігі.Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – бірінші басшылардың бұл мәселеге жауапкершілігін көтерудіқажет етеді.Тіліміздің мәртебесін әлсіреткісі келетіндерге тыйым салудың амалдарын қарастыру керек.
Жалпы,біздің өкімет адамдары тіл мәселесін екінші кезекке сырыңқырап отырған сиқты.Қазақ тілінің жолы болмай тұрғанының басты себебі осы.Ең бірінші халыққа үлгі болатын адамдар солар.Өкінішке орай ,олардың көпшілігі қазақтың өзімен де қазақща сөйлеспейді.Парламенттердің өзі деарасында бір орыс отырса,қазақшаны былай сырып қоя салуға түк арланбайды.Сылтаулары бреу -” бәріне түсінікті болсын” дейді, “ойымызды жеткізгіміз келеді” дейді.
Ал енді өзіміздің ғалымдарға келсек.Көпшілігі қазақ тілін бір кісідей біле тұрып, қазақша жазуға қадам жасамайды. Бүгінгі таңда 10% ғана қазақ тілінде жазады.Біз шындығындада барлығын керісінше жасағанды жақсы көреміз.
Сөз соңында мемлекетік мәртебеге ие болған туған тіліміздің тұғырлы болуы үшін отбасы да,білім жүйесі де,билік оргондары да,бүкіл қоғам болып ана тілімізге қамқорлық жасауфмыз қажет дегіміз келеді.
Өз тілімізді өгестетпейік!
Мақала авторы:АЯУЛЫМ ЖАНАТҚЫЗЫ