Мұғалім мәртебесі
Мұғалім мәртебесі
Мұғалім… Иә, ең қасиетті есім.Қазақтың бес арысының бірі-М. Жұмабаев айтқандай: “Алты алаштың баласы жиналған жерде төрдегі орын—мұғалімдікі”. Мұғалім ең қадірлі, ең қасиетті мамандық. Адам өміріндегі атқарар рөлі де, істер қызметі де ұшан-теңіз. Әрине, еңбегі елеусіз, жазар қағазы сансыз. Бірақ, бір оқушы кешегі берген тапсырманы орындап келсе, қуанышы қойнына сыймай кетеді. Бплаүа сабақ бере отырып, психологиясын да тексеріп, біліп отыратын да мұғалім. Тіпті, керек десеңіз ата-ана да дәл мұғалімдей көңіл бөліп, баланың жағдайына назар аудармайды, яғни, білім мен қоса тәрбиесі, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, киім киісі, шаш үлгісіне дейін көңіл аударып, қатесін түзетіп, жеткен жетістігін мадақтап рухани дем беретін де мұғалім. Мұғалім, ұстаз, оқытушы қандай әдемі сөздер. Бұл сөздерді естісімен көз алдвңа салиқалы да сабырлы амылдың свнығындай мақтан тұтар ардақтвлар келеді. Біз мектепте оқушы болғанда, ұстаздарымызға қарап еліктеуші едік. Сөйтсек, мұғалім қаншалвқты қасиетті болса, слншалықты мңнезге бай қарарайым жандар екнн ғой. Мен өзім ұстаздық, тәрбиешілік жолға түскеннен кейін түсініп жатырмын. Олар да біздің әее-аналаоымыз сияқты оқушымен өз балалаоын қатар алып жүреді екен. Тұрмыстың қажеттілігі, бір көл, бірде шөл боп жатқан қайнаған өмірдің лртасында жүрсе де, алдындағы оқушыға берер білім мен тәрбиені басты орынға қояр жақсыларым-ай десеңші. Ұстаздарды алтын, тіпті тасытың асылы лағылға теңесек те артвқ етпейді. Жазу коллиграфиясының сақталуы, сөздердің орфографиясы мен орфоэпиясының ерекшелігі, ең азы- оқушыныңаты-жөнінің қатесізжазылуына дейін көңіл бөліп,ескеруін де ұмытпайды ғоййй.Қателікті көреді,түзеттіреді және ұрыспай,асықпай,сабырмен ақыл айтып түсіндіреді.Кейде, осының барлығына сабырлылықты қайдан алады екен деп ойлайсың. Мамандықтың бәрі жақсы, бәрі жемісті, бірақ мұғалімдік ең мәртебелі мамандық десем, артық айтқандық болмас.Бұл дегеніңіз—елге, елдің, халықтың баласына қызмет ету. Қызығы мен қуанышы мол мұғалімдік мамандық… Ең көңілді жандар, ең бақытты сәттерді бастан өткеретір жандар ғой шіркін, сыйы мен құрметі де өзіне лайық.