Ғ.Слановтың “Жанартауы” әлі сөнбеді

«Жанартау» – Ұлы Отан соғысы кезіндегі мұнайшылар еңбегін танудағы елеулі белес.  Бәрін біріктірген соғыс.  Ерлер майданға кетіп, әйелдер олардың орнын басты. Соғыстан бөлек қазақ басындағы, әйел басындағы өзекті мәселелер шығармада өзіндік орын тапты. «Жанартау» романы соғыс кезінің оқиғаларына негізделіп, Атырау мұнайшыларының өмірінен жазылған. Соғыстың ел басына түсірген салмағы, еліміздің мұнай көздері жау қолында қалып, Қазақстан мұнайын майдан қамы үшін мол өндіру күн тәртібіне қойылған кезде, тылдағы елдің қауырт еңбекке жұмылуы роман сюжетінің негізгі желісін құрайды. Онда суреттелетін кейіпкерлердің бәрі де іс басында, еңбек ортасында, әлеуметтік мүддені ұға, түсіне білген адамдар.

Шығарма барысында өз ара өрбіген оқиғалар, әйел тағдырымен, ана тағдырымен шиеленісті. Қай уақытта, қай заманда болмасын қоғам дертіне айналған әйел теңсіздігі, отбасындағы орын таласы. Автор өзіндік сарыннан таймай бірнеше тағдырды бір жолға тоғыстырды. Махаббат, достық, алдау, арбау, алдану сезімдері. Әңгіме басталысымен-ақ отасқан жарына ала таяқ ұсыну. Оқырманды ала таяқтағы аз ғана сөзге арбап қойды. Мұнайшылар отбасында болып жатқан белсіздік, ер адамның әйел алдындағы бетсіз қылығы. Ұрпақсыз қалуды ар санаған ерінің алдында жарының қадірі кетуі.

Таласқа салған  жан мен тән. Айдауға түскен ана жүрек. Қыз сезім. Автор бәрін сәтті аяқтады. Жалпақ тілмен айтқанда «happy end». Қоғам дертін қозғаған шығарма әлі күнге дейін өзектілігін жоймады. Бірақ соңында бас кейіпкері Қанаттың бар арманы орындалды. Жанартауы атқылап, Айкүмістің беліне бала бітті. Ана да, басқа да ырза. Әйел ретінде ер алдында қадірі бір түскен адамның өз эгосын барынша жеңе білгенін көрсетті. Сырт айналсада қолын бір сілтеп кетпеуі жалпы оқырман қауымға ана жүректің алдамайтынын жеткізді. Дегенменде әділетсіз аяқталды деп ой тұжырымдадым. Себебі, қоғам дертін көтерді, өзектілігін өршітті бірақ қайта апарып жылы жауып қоя салды. Феминист емеспіз, бірақ феминист болуға қоғамның өзі жетелеуде.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *