Менің арман – мақсатым
Әрқайсысымыз өмірде белгілі бір дүниелерге ұмтыламыз: белгілі бір мамандық иесі болғымыз келеді, белгілі бір жерлерді саяхаттағымыз келеді, бір нәрселерді сатып алғымыз келеді. Мақсат – өмірдегі шамшырақ секілді. Адамды өмір жолында адастырмай, тура жолда алып жүреді. Сондықтан мақсатты айқындап алу өте маңызды.
Ал мақсат өзімізге және айналамыздағыларға зиянды болмағаны және тәніміз бен жанымызға пайдалы болғаны абзал.
Мақсат – адамның өз әрекеттері арқылы жетуге талпынатын нәтижесі. Мысалы, біз белгілі бір мамандық иесі болу үшін, соны растайтын диплом алу үшін оқуға түсеміз. Ал оқу барысында білім алып, қабілеттерімізді дамытумен қатар, көптеген достар арттырамыз, қызықты сәттерді бастан өткереміз. Түрлі іс-шараларға қатысып, тәжірибемізді арттырамыз. Түрлі адамдармен араласып, көңіл көкжиегімізді кеңейтеміз. Кейіннен күліп отырып еске алатын мыңдаған естеліктер жадымызда қалады. Яғни алдымызға мақсат қоюдың өзі ғана емес, мақсатқа жету жолы да маңызды рөлге ие. Өзіне ұнайтын, адам үшін маңызды болып табылатын мақсаттарға жету жолының өзі адамды шабыттандырады. Сәйкесінше әр сәттен ләззат алып, бақытты сезінеді. Ал мақсатқа жету адамның үнемі сол жолда әрекет етуін, үлкен ерік-жігерін талап етеді. Ол ерлік кездескен қиындықтарды жеңуге, басқалардың пікіріне тәуелді болмауға, ештеңеге қарамай алға ұмтылуға көмектеседі.
Ал арман мен мақсаттың айырмашылығы қандай? Меніңше, олар өзара өте тығыз байланысты. Мақсат армандардан туатын секілді. Мақсат нақты әрекеттерді талап етсе, арманда еркіндік, абстрактілік басым болады. Мүмкіндіктеріңе, байлығыңа, қабілет-қарымыңа қарамай армандай беруге болады. Бала күнімізде бәріміз де армандадық, соның біраз бөлігі өмірлік мақсаттарға ұласты.
Мақсаттар әр түрлі болып келеді. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді; адам өмірінің әр саласынабайланысты да бөліне береді. Сонымен қоса, өмірдің әр кезеңінде актуалды болатын мақсаттарболады. Мәселен, оқушы кезде жақсы оқып, аттестат алу болса, одан кейін жақсы мамандықиесі болу, отбасын құру, балалы болу, көлік алу, үйсалу, т.б. Сәйкесінше әр адамда бірнеше мақсатболуы да мүмкін.
Менің қазіргі таңдағы басты мақсатым – жақсымамандық иесі болу. Журналист болғым келеді. Адамзатқа сол салада пайдалы болуды – негізгімақсатым деп білемін. Қай кезеңде, қай замандаболсын, бұл мамандық өзінің маңыздылығынжоймайды. Ал үлкен мақсатыма жету үшін, бар күшімді салып сабағымды жақсы оқуға тырысыпжүрмін: тек баға үшін ғана емес, білікті маман болу үшін, өз ісімнің шебері болуым үшін. Кішкентайдан армандаған мамандығым енді негізгімақсатыма айналып отыр.
Орындаған:Маратұлы Данияр
Мамандық:Журналистика және репортер ісі. 1 курс студенті