Біліктілікті арттыру –заман талабы

Қазіргі заманда экономикамызды  ілгерлету, сандық технологияны дамыту, білім алушылардың кеңістікте ойлауын, цифрлық сауаттылығын дамыту басты назарда.

Осы орайда 2023 жылы 27 ақпаннан 11 наурыз аралығында ҚР ОАМ  Республикалық қосымша білім беру  оқу әдістемелік орталығы  РМҚК базасында қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы  «Бағдарламалау негіздері және робототехника» тақырыбында  Қазақстан Республикасы пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсын онлайн режимінде өткізді.

Курс аясында кураторымыз Алтыншаш Касымова жетекшілігімен және теренер Мақсот Марс Мавлетұлының  жаңашылдығы және біліктілігімен және робототехника негіздерін оқу,       «Алгоритмдеу және бағдарламалау», «Модельдеу және рәсімдеу», роботтар құрастырып, практикалық тапсырмалар орындау арқылы  роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі екенін, роботты техниканы мектептерде оқу үдерісінде қолдану білім алушылардың стандартты емес ойлау қабілетін, сондай–ақ, шығармашылығын, ізденушілік дағдыларын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік беретін қуатты құрал, техникалық және инженерлік қабілеттерін қалыптастырудың маңызды элементі болып табылатынын түсіндік.

Республикалық қосымша білім беру  оқу әдістемелік орталығы  тарапынан білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған робототехника біліктілік арттыру курсы жаңашылдығымен қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуымызға негіз болуымен қатар, сандық технологияны дамытуға баса көңіл бөлетін шығармашыл тұлға тәрбиелеуге бағыт беріп, кәсіби шеберлігімізді шыңдай түсті.

 

Ақмола облысы білім басқармасының

Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі

Тасшалқар ауылының ЖОББМ

Физика-информатика пәнінің мұғалімі

Женисхан А.

1 қазақ тобы атынан

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *