Сыр сандық (досыңа хат)
Достық — адамдардың бір-біріне деген адалдығы,құрметі, өз сырларын бір-біріне ашылып, еркін айтылуы. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың айқын бейнесі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге берілмеуге, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге көмек береді. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық, екіншісінде тұйықтық болса, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, өркөкіректік, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Халық арасында өте кең таралған достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; деген мақал-мәтелдер бар.
Мен бұл хатымды өзімнің бала кезгі досым—Майяға жазғым келіп отыр.Ол менің бөлем.Кішкентайымыздан бірге өскен ең жақын адамым.Қазір бір—бірімізді сирек көрсекте,ол менің өмірімдегі маңызды адамдардың бірі болып қала береді.
Сәлем майя.Білесің бе?Бала күнімізде бір-біріміздің үйімізге қонаққа барып,артынша қонып қалатын едікқой,бір-бірімізді қимай.Сол күндерді қалай сағынатынымды білсеңғой.Кәзір есейдік,бұрынғыдай бір-біріміздің үйімізге барып ойнамаймыз.Сол уақытты айналдыра алсақ ғой шіркін.Есіңде ме?Ата-анамыз біздің бір бесікте жатқанымызды айтып отыратын едіғой.Сол әңгімені әлі де айтып отырады.Сол кезде жүрегім елжіреп кетеді.Мен сені сағындым Майя.Біздің үйіміз бір-біріне жақын сондада көрісуге уақыт болмай жатады.Бірақ сенімен сырлассам бір жеңілдеп қаламын.Мен сені жақсы көремін.Жақын арада кездесеміз деген ойдамын.
Орындаған:Жақсығали Динара
Мамандық:Журналистика және репортер ісі. 1 курс студенті
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718