Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледждің тарих пәнінің оқытушысы Омарова Сәуле Орынбасарқызы Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуірі. Сақ тайпалық бірлестігі.
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледждің тарих пәнінің оқытушысы Омарова Сәуле Орынбасарқызы
Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуірі. Сақ тайпалық бірлестігі.
Текей батыр Қарпықұлы атындағы
жоғары колледждің тарих пәнінің
оқытушысы Омарова Сәуле Орынбасарқызы
Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуірі. Сақ тайпалық бірлестігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сақтардың мекендеген жері, олар туралы тарихи дереккөздерді, сақ қоғамының дамуы туралы білім беру.
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін сүюге, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, топпен жұмыс, картамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі мен жабдығы: тақырыптық карта, интербелсенді тақта, кесте, сақтар туралы суреттер
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың барысы:
І.Үйымдастыру кезеңі:
А)оқушыларды түгендеу;
Ә)оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Үлестірмелі карточкалармен жұмыс:
ІІ топ сүрақтары:
1.Қола дәуіріндегі қола мәдениетінің қалыптасуы
2.Қазақстандағы қола дәуірін зерттеген ғалымдар
3. Қола дәуірінде адамдарды қалай жерлеген?
4.Тұрғын үйлер аумағы қанша метірге жетті
5.Қола дәуіріндегі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы
6. Тас және балшық құйма қалыптарда шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті құралдары қандай.
7.Егіншілік жайлы не білесің
8.Қоныстар
І топ сұрақтары:
1 .Қола дәуірі қай жылдарды қамтиды?
2. Қола дәуірінің мәдениеті жөнінде не білесің?
3 .Андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын қанша кезеңге бөлген?
4. Қола дәуіріне сипаттама
5. Қола дәуірінің қандай ерекшеліктері бар?
6 .Андронов мәдениетіне сиппаттама
7. Мыспен салыстырғанда қоланың бір сыпыра айырмашылықтары қандай
8. Қола дәуіріндегі шаруашылық
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.
Сақтар туралы алғашқы мәліметтер
Сақтар – б.з.б. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында «құдіретті еркектер», ал иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» дейді.
Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған.
Б.з.б. 484-425 жыл грек тарихшысы Геродот сақтарды массагет деп, Гректерді дай деп атаған. Парсы патшаларының тастағы сына жазбалары , Грек-рим авторлары Геродот пен Страбон шығармалары арқылы мәліметтер алынған.
Қоныстанған жерлері
Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған. Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда енген.Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. ССССС
Сақ қоғамы
Жауынгерлер: Ежелгі үнді – ирандық тілінде “Ратайштар” деп аталған
Киім түсі қызыл, сары қызыл
Абыздар: Танымал белгісі – Тостаған мен айрықша бас киім. Киім түсі ақ
Малшылар мен егіншілер: “Сегізаяқтылар” деп те аталған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді. Киім түсі сары, көк
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
1)Кир әскерінің басып кіруі.
2)Шырақтың ерлігі.
3)Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.
1 – Б.з.б. 530ж. Парсы патшасы Кир сақ жеріне басып кіреді, бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Томирис жайында Рим тарихшысы Помпей Трог былай дейді: «Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ». Ұсынылған келіссөзден бас тартқан Томириске Кир соғыс ашады. Осы соғыста Кирдің алдауына түскен ханзада Спаргапис қаза болады. Ұлы үшін кек алуды көздеген Томирис, Кирді осы соғыста жеңеді. Кирдің басын шапқызып, қан толы торсыққа салады.
2 – Кирдің қазасынан 11 жылдан соң б.з.б. 519ж. Дарий І бастаған парсылар қайта сақ жеріне шабуыл жасайды. Бұл соғыста сақтарды Скунха атты көсем басқарады. Бірақ, ол бұл соғыста жеңіліс табады. Бұл соғысқа сақтардың дайындығы жоқ еді, олар өздерінің күнделікті бейбіт шаруашылықтарымен айналысып жатқан кез болатын. Осы соғыстың таңғажайып бір оқиғасын грек тарихшысы Полиэн тамаша суреттейді. Мысалы, Шырақ есімді жауынгердің ерлігі жайлы. Ол өзін елі үшін құрбандыққа шалып, парсыларды алдап сусыз шөлге апарып қырады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар тәуелсіздіктерін сақтап қалады.
3 – Б.з.б. 4 ғасырдың 30-шы жылдары сақ жеріне македондық Александр Македонский (қазақша аты Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері қауіп төндіреді. Грек-македон әскерлеріне қарсы 3 жыл бойы партизан соғысын Спитамен жүргізді. Күннің ыстығы мен сақтардың жиілей түскен шабуылдары гректерді әбден әлсіретеді. Мұны пайдаланған сақтар гректердің әскерін талқандайды. Осы сақтардың гректермен соғысы жайлы дерек, грек тарихшысы Аррианның жазбаларында кездеседі. Осылайша А. Македонскийдің сақтарға қарсы жасаған жорығы сәтсіз аяқталады.
САҚ МӘДЕНИЕТІ — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал.
Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.
Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.
Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.
Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан. Қорым үлкен, орташа және шагын 31 обадан тұрады. Бесшатыр обалары солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, ал шығыстан батысқа қарай 1 км аймақты алып жатыр.
Шірік – Рабат
Археологтар Қызыл-ордадан 300 шақырым жерде Шірік – Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді. Археологтар цитадель орталығынан жебенің қола ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл табылған заттар б.з.б. 4 – 2 ғасырларға жатады.
“Алтын адам”
Алматының күн-шығыс жағында “Есік обасы” жайлы ғалымдардың пікірінше, табылған заттардың ұзын саны 4000 – нан астам.
Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам 17-18 жастағы жауынгер. Есік қорғанынан таблған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт “Алтын киімді адам” аталды.
Ү. Сабақты бекіту сұрақтары:
Ерте темір дәуірі.
Сақ тар туралы алғашқы мәліметтер.
Қоныстанған жерлері.
Сақтар қоғамын кімдер құрады.
Сақтардың тәуелсіздігі үшін күресі жәйлы не білесің?
Сақтардың мәдениеті.
“Алтын адам” туралы әңгімеле.
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
ҮІІ. Оқушы білімін бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. Осы тақырыпты конспектілеп, оқып келу.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718