Көкшалғы станциясы

Тұрдыбай Бүлдіршін

<>Көкшалғы станциясы
<> Марттың сезінші күні, бір күнге демалыс еді, біз жаудан қашқан қашқындай марттың жетісі түнгі 3:18де поездға отырып үйге қарай жол тарттық…
<>Поездға отырып үйдегілерге “отырдым” деген отчёт берісімен ұйқыға кеттім, бесіктегі баланы тербегендей ырғап тергеген поездың қозғалысынан ертесі түсте бірақ ояндым. Аяқталмаған сабақ есебінен бе, оқудан басқа ештеңе тартпай тұратын сол бір қаланы қимай кетіп бара жатқандаймын. Комнаталас қыздың сегізінші мартқа силаған жылу сақтайтын стаканына шәй құйып ішіп мәзбын. Терезеден далаға қарап бос жатқан даланы көріп, ішім ашып қайта жата қалам. Неге осы жердерді пайдаланып “нан жоқ” дейтін халық қарын тойдырмасқа деп. Сағат санап келемін ішім пысты, 20минта жүріп бір тоқтап зығырымда шығып кетті, ойбу енді үш жылымда үйге төрт рет қайтып барсам оны екі еселеп 24 рет поездға отырғанда, поезд көрсем тетір айналып қашардай болатын болдым ау деп отыр едім. Кенеттен келесі төсекте отырған қыз “Уаий ананы қарашы” деді, “Қәне, қәне нені?!” дедім.  Далада топ болып ұшқан құсты көрді ма екен? Әлде наурыздың басында жасыл шөптің қарасы көрінді ма екен деп, таңдана терезеден бір ғажап көрніс іздеуге ұмытылыспен отырмын. Поезд жәйлап келіп “Көкшалғы станциясына” тоқтады. “Әне ана жерде бір қыз бен жігіт қол ұстасып кетіп барады” деді. Көрмей жатып “Еее оның несі қызық заман сол ғой” дей үмітімді үзе қарағанымда, екі орта жасты жұбайлардың қол ұстасып жапан далада жалғыз шаңырағы көтерілген ойласында сиыр қораға қарай шелек ұстап бет алып бара жатқанына сүйсіне көз тастадық. “Ма шаа Алла осындай көрніске көз сүйсіндірген осы екі жұпқа Алла разы болсын” дестік көрші төсекті құрбым екуміз.
<>Міне нағыз махаббатқа көкшалғы станциясында бір куа болыпта қалдық. Ең бастысы дүниенің немесе басқа бір адамдардың бар болуы емес, бастысы адамның жүрек асты қабырғасынан жаратылған жарының жанында сүйеніші болып жүруі нағыз бақыт екен. Қайтар жолда кездескенше “Көкшалғы станциясы”.

87051588908

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *