Қарапайымдылық дегенді қалай түсінесің?

                     Қарапайымдылық дегенді қалай түсінесің?

 

Қарапайымдылық дегеніміз не?Осы қасиеттің адам үшін маңызы бар ма?Алдымен бұл сұраққа жауап негізінде Ахмет Иүгінекидің “Қарапайымдылық-жасыл алқап.Адамгершілік онда өскен гүл сияқты “деген қанатты сөзін алғым келеді.

   Қарапайымдылық-өзіңді биіктетіп,өзгелерді төмен түсіру емес.Керісінше өзіңді басқалармен салыстырмай,барлығымен тең қарым-қатынаста болу.

Егер ұлы тұлғалардан мысал келтірер болсақ.Екінші ұстаз атанған  Әл-Фараби қарапайымдылықты жаны сүйген жанның бірі.Оның бірден-бір дәлелі,көптеген атақ-данқ ұсынып жатса да,өз күніне қанағат тұтып,қарапайым ғана өмір сүргені.Сонымен қатар,бәрімізге де белгілі – “Apple” компаниясының  осындай жетістіктерінің сыры – қарапайымдылықта.”Apple” компаниясының негізін қалаушысы – Стив Джобс қанша миллионер болса да өзінің ерекше қарапайымдылығымен танылған.

Адам қанша сұлу,білімді болса да бойында  қарапайымдылық болмаса оны тартымды деп есептей алмаймыз.Яғни адамның осы қасиеті адамдарды бір-бірімен жақындастырып,тартып тұрады.Бұл дегеніміз қарапайымдылық – өркөкіректік,өзімшілдік деген қасиеттерге қарама-қайшы,жат нәрсе.

     Адам ұлыланған сайын қарапайым бола түседі.”Қарапайым адам жеміс ағашына ұқсайды,мәуесі бар бұтақтың жерге иілуі-жемістің көптігінен”деседі.Ал,енді қарапайым тұлға ретінде бой түзеу үшін нені ескеріп,нені ұстану қажет?

Кітап оқу. Әрине тұлға болып қалыптасу үшін кітап оқудың маңызы зор.Ол біздің келбетімізге көркемдік,ойымызға ұшқырлық ұялатады.Себебі,кітап оқитын жанның сөйлеген сөзі мен ойлау қабілеті өзгелерден әрдайым ерек,бөлек келеді-мыс.

Барға қанағат тұту.Әр жеткен жетістігімізге “шүкірлетіп”,барымызға қанағат тұтып отырсақ.бізге Алланың берері молаяды.Қанағат пен тәубемізді қатар ұстасақ,бізден өткен ұлы адам болады ма,сірә?!

Әрдайым білімге ашқарақтанып,ізденісте болу.Білім мен ілімге жақындық танытып,іздемпаздық қасиетіміз әрқашан “қосулы” болса,ойымыз кемелденіп,парасаттана түсеміз.

Айналамызға көмек қолын соза білу.Жан-жағымызға мән беріп,жақын жандарымызды бағалап,төңірегімізге шуақ шашып,көмек қолымыз үнемі дайын тұрса,қарапайымдылықтың бірқилы бастауы болар еді.

    Міне осылай қарапайымдылыққа,кішіпейілділікке барынша оқталуға тырыссақ.Өзімізге ғана емес,өзгелерге де жақсы септігіміз тиер еді.Сондықтан алдымен басқаларды өзгертумен емес,өмір бойы өзімізбен алысып,өзімізді өзгертумен жұмыс жасауымыз қажет.Себебі,ең күшті,қайратты жандар ғана қарапайым болып келеді

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *