Ливерпуль 7-0 Манчестер Юнайтед

Өткен жексенбі күні Ливерпуль өз аланыңда Манчестер Юнайтед ұжымын 7-0 есебімен тас-талқан шашыратып жіберді. Қызылдардың үш шабуылшылары да екі голдан соғып, МЮ-ге 1931 жылдан ең жаман жеңілістерін сыйлады.

Енді турнирлік кестеде жағдай одан қызып барады. Ливерпуль Ньюкаслды артта қалдырып бесінші орынға қадам басты. Қызыл Дьяволдар болса Ливерпульден жеті ұпай алдыда, үшінші орында қалыптасты. Ойын алдында МЮ жанкүйерлері АПЛ кубогының жүлдері атануын армандады, алайда Энфилдте Ливерпуль олардың армандарын қирата білді.

Ойын баста салысымен, екі ұжым алаң ортасындағы контроль үшін шайқас жүргізді, бастапқы екі мүмкіндік Манчестер ойыншыларында болды. Бруно Фернандеш ойынның 26 минутында соғатын мүмкіндікке ие болды. Диогу Далот үстімен айып алаңына пас жасаған соң, МЮ капитаны баспен соққы жасап, доп бағанадан ары кетті. Ал 42 минутта Каземиро соғып, МЮны алдыға шығарды деген ой пайда болғанда, қанаттағы төреші жалаушасын көтеріп, гол саналмады.Бір минут соң, Коди Гакпо өміріндегі МЮ қақпасына бірінші гол салып, үзіліс алдыңда қызылдарды алдыға шығарды.

Екінші кезенге төреші ысқырық бергенде, жасыл алаңға Ливерпульдің ең қауіпті келбетін көруге мүмкіндік болды. Жоғары прессингпен олар қарсыластарын өлтіре бастады. Сөйтіп 47 минутта Дарвин Нуньес есепті 2-0, Коди Гакпо 50 минутта 3-0, ал 66 минутта Мохамед Салах есепті 4-0-ге жеткізді. Осыдан кейін Юнайтед ойыншылары тіптен үмітін жоғалтып, тағы үш гол жіберді.

Енді Ливерпуль оныншы орнынан бесіншіге көтеріліп, алдына ТОП-4 деген мақсат қойғаны бәрімізге белгілі, ал Юнайтед болса АПЛ кубогы туралы бүкіл армандарын ұмытты.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *